Экономика
Выбор редактора
"Қазақтелеком" 2018 жылдың бірінші жартысында ІРО-ға шығады - "Самұрық-Қазына"
Алматы. 16 қаңтар. 7kun.kz – 2018 жылы «Қазақтелеком», «Қазатомпром» және «Эйр Астана» IPO-ға дайындығы аясында роуд-шоу өткізілетін болады, деп «Самұрық-Қазына» АҚ үкіметімен өзара іс-қимыл жөніндегі басқарушы директор Нұрлан Рахметов мәлімдеді.
«Қор «Қазақтелеком» АҚ акцияларын 2018 жылдың бірінші жартыжылдығына дейін орналастыру мүмкіндігі қарастырылады», - деді Рахметов сейсенбіде Астанада өткен үкіметтің отырысында.
Оның айтуынша, 2018 жылдың төртінші тоқсанында «Қазатопром» мен «Эйр Астанада» IPO-ны аяқтау жоспарланып отыр.
«Сонымен қатар, орналастырудың соңғы мерзімі компаниялардың қаржылық жағдайын, макроэкономикалық жағдайды, шикізаттың әлемдік бағасын ескере отырып айқындалатын болады. «ҚазМұнайГаз», «Самұрық-Энерго», «Қазпочта» АҚ және ҚТЖ бойынша 2019-2020 жылдарға жоспарланған IPO-ның негізгі параметрлері анықталды», - деді Н.Рахметов.
Бұдан басқа, қор осы жылдың бірінші жартысынан кешіктірмей Мәскеу мен Шанхайда инвестор күндерін өткізуді жоспарлап отыр.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024