"Қазақтелеком" компаниясы 2015 жылдың 31 наурызына дейін "Теле2 Қазақстан" ұялы байланыс операторын сатып алу туралы келісім-шартты жариялайды. Бұл туралы осы саладағы дереккөзге сілтеме жасап Kursiv.kz хабарлайды. Дереккөздің айтуынша елдегі күрделі экономикалық ахуалға байланысты келісім-шарт уақыты сәуірдің соңына дейін ұзаруы мүмкін.
Бұған дейін де, Altel мен "Teле2 Қазақстан" арасында келісім дайындалып жатқандығы хабарланған еді. Бірақ осы аптаның басында өткен баспасөз-мәслихаты кезінде "Теле2 Қазақстан" басшылары бұл ақпаратты жоққа шығарған болатын. Ал Kursiv.kz жазуынша келісім -шарт шведтік компанияның "Қазақтелекомға" қосылуы түрінде болмақ. Айта кетейік, Altel - "Қазақтелекомның" еншілес компаниясы. Ал "Теле2" қызметкерлеріне жаңа құрылымға жұмыс істеу үшін ауысу туралы талап қойылмақ.
MForum порталының редакторы Алексей Бойко активті 1 миллиард доллар деп бағалап отыр. "Теле2-нің акция пакетін есептегенде, шведтік оператор 400-700 миллион доллар алады. Бұған обьективті баға беруге болады деп ойламаймын. LTE-нің жоқ болуына байланысты компанияның алдағы болашағы бұлыңғыр. Сондықтан, екі жақты шешім болуы да мүмкін" , -деп болжам жасады ол.
Бойконың сөзіне қарағанда, Теле2 абоненттік базасы мен экономикалық көрсеткіші жағынан әлі де шығын келтіреді. " Қазақстанда болған кезде оның шығыны 357 миллион долларды құрады, ал келісім-шарт құны - 67,8 миллион доллар. Сондықтан Теле2 400 миллион долларға сатылу туралы талапқа келісе қоймас",-деді ол.
"Теле 2 Қазақстан" және Altel компаниялар арасындағы ақпарат туралы пікір білдірген жоқ.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024