Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Қазком және БТА Банк бір-біріне 1,5 триллион теңге сомасына активтер табыстамақ

Қазком және БТА Банк бір-біріне 1,5 триллион теңге сомасына активтер табыстамақ

Мәміле шарттарына сәйкес, "БТА Банк" АҚ "Қазкоммерцбанк" АҚ-ға 413,33 млрд теңге көлемінде активтерді табыстайды, оның ішінде 31,06 млрд теңге - ақшалай сома. Өз кезегінде, Қазкоммерцбанк БТА-ға 1,17 трлн теңге сомасына активтерді табыстауды жопарлап отыр деп хабарлайды KASE Қазақстан қор биржасының сайты.

Бұл ретте, 2015 жылдың наурыз айының басындағы жағдай бойынша БТА Банктің Қазкоммерцбанкке табыстайтын міндеттемелердің жалпы баланс сомасы 383,14 млрд теңгені қамтиды.

Қазкомның БТА Банкке табыстайтын міндеттемелердің жалпы баланс сомасы - 1,523 трлн теңге.

6 ай ішінде, шарт өз күшіне енген күннен бастап, БТА Қазкоммерцбанк алдындағы берешегін Қазкомнан БТА пайдасына ұсынылатын қарыз қаржатаның есебінен өтейді деп күтілуде.

БТА Банк бір жылдан астам уақыт Қазкоммен бірігу процедурасынан өтуде. Бұл процесс 2015 жылдың аяғында аяқталады деп болжам жасалып отыр.

Похожие материалы