"Азық-түлік келісім шарт корпорациясы" ұлттық компаниясы 2015 жылдың І тоқсанында 2014 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда таза пайданы 31,5 есе, 1,02 млрд теңгеден 32,37 млн теңгеге дейін төмендетті. Бұл туралы ХҚСЕ бойынша компанияның жиынтықталған қаржылық есептілігіне сүйеніп lsm.kz сайты хабарлайды.
Есептік кезеңде салық төленгенге дейінгі корпорация пайдасы 73,7 есе, 18,6 млн теңгеге дейін қысқарды.
Осы жылдың қаңтар-наурызындағы операциялық шығын 30,4 млн теңгені қамтыды, өткен жылдың осы кезеңінде бұл көрсеткіш 2,377 млрд теңге болды. Сонымен қатар 2015 жылдың І тоқсанында Азық-түлік корпорациясының жалпы пайдасы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 4,7 есе - 5,5 млрд теңгеден 1,17 млрд теңгеге дейін төмендеген.
2015 жылдың қаңтар-наурызында ұйым түсімі 4,62 млрд теңгеге жетті, ал 2014 жылдың қаңтар-наурызында ол 11,94 млрд теңге деңгейінде болған-тын. Осылайша, бұл көрсеткіш 2,6 есе төмендеді.
Компания активтері 2%-ға азайды: 2014 жылдың 31 желтоқсанында 161,8 млрд теңге, 2015 жылдың 31 наурызында 158,5 млрд теңге. Өз кезегінде меншікті капитал 2015 жылдың 31 наурызында 66,8 млрд теңгені қамтыды, бұл көрсеткіш жыл басынан 0,7 млрд теңгеге артқан.
2015 жылдың алғашқы үш айының ішінде Ұлттық компанияның міндеттемелері 85,7 млрд теңгеден 91,8 млрд теңгеге дейін төмендеді.