Сарапшылардың пікірінше, мұндай саяси іс-қимыл азаматтардың құқықтарын қорғауда әсерін қалдырмайды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресейді кеңес құрамынан шығару жөніндегі шешімді дауыс беруші елдердің үштен екі бөлігі қолдады.
Атап айтқанда, дауыс беруге 175 мемлекет қатысып, олардың 93-і Ресейді құрамнан шығаруға дауыс берсе, 24 ел қарсылық танытқан және 58 ел қалыс қалған.
Ресейдің Кеңес мүшелігінің тоқтатылуы тек осы ротацияның соңына дейін жалғасады. Одан кейін Ресей 2023 жылы оған қайта мүше болу үшін өтініш бере алады.
Көрші мемлекеттің кеңес құрамынан шығуына қарсы дауыс берушілер қатарында Алжир, Беларусь, Боливия, Бурунди, Орталық Африка Республикасы, Қытай, Конго, Куба, Конго Демократиялық Республикасы, КХДР, Эритрея, Эфиопия , Габон, Иран, Қазақстан, Мали, Қырғызстан, Лаос, Никарагуа, Сирия. Тәжіктан, Өзбекстан, Вьетнам және Зимбабве мемлекеттері болды.
Айта кетейік, БҰҰ Адам құқығы кеңесінің мүшелері үш жылға сайланады. Ресей мен Украина Шығыс Еуропа елдері арасынан 2021-2023 жылдар аралығына сайланған.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024