Экономика
БАҚ: Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша парламент спикері атқарады
![БАҚ: Өзбекстан Президентінің міндетін уақытша парламент спикері атқарады](/uploads/posts/1718876898_Q37VjzbVBMMOI0vOQ2_txi_KLo68NbM0/image/post7.jpeg)
Ташкент. 3 қыркүйек. 7kun.kz - Өзбекстан Конституциясының 96 бөліміне сәйкес, республика Президентінің міндетін уақытша Парламенттің жоғарғы палатасының төрағасы Нигматилла Юлдашев атқаратын болады. Бұл туралы "Фергана.ру" ақпарат агенттігі жазды.
Ал Президент сайлауы мемлекет заңы бойынша алдағы үш айда өтуі керек. Сарапшылардың сөзінше, мемлекет басшысы кандидатына лайық адамдардың бірі - елдің қазіргі премьер-министрі Шавкат Мирзияев.
Айта кетейік, кеше Өзбекстан билігі ресми түрде 78 жастағы Президент Ислам Каримовтың қайтыс болғаны туралы хабарлады. Өзбекстанда 3 күнге ұлттық аза тұту күні жарияланды.
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024