Бішкек. 16 қазан. 7kun.kz - Қырғызстанда президенттікке үміткер болған Омурбек Бабанов баспасөз конференциясын өткізіп, сайлауға қатыстыпікір білдірді.
"Сайлауға қатысқан талапкерлерге бірдей жағдай жасалған жоқ. Әкімшілік тарапынан, құқық қорғау органдарынан қысым болып елімізде дауыс беруге, мысалы кейбір аймақтарда еркін жағдай жасалған жоқ. Бірақ Қырғызстанда сөзсіз түрде бүгін болмаса кейін ашық әділетті сайлау болады деп сенемін" - деді ол.
Ол сонымен қатар, заңды түрде Орталық сайлау комиссиясына заң бұзушылықтар туралы арыздарын жазып беретіндігін айтты.
"Мен қолдаушыларыма ризашылығымды білдіремін. Қырғызстанда 600 мыңнан астам адам мені қолдады. Бұл қолдаушыларым мемлекетімізде өзгеру, жаңалану, алдыға жол болсын деп тұрып құқық қорғау органдарының қысымынан қорықпай өз дауысын берді. Сайлау бітті. Енді еліміздің басын біріктіру керек" - деді.
Еске салсақ, Орталық сайлау комиссиясының мәліметі бойынша, Сооронбай Жээнбековке сайлаушылардың 814,5 мың адам немесе сайлаушылардың 54,75 пайызы дауыс берген. Омурбек Бабанов 564,2 мың немесе 33,80 пайыз дауыс жинаған. Үшінші орында 6,41 пайыз дауысқа ие болған — Республиканың қауіпсіздік кеңесінің экс хатшысы Адахан Мадумаров.
https://www.youtube.com/watch?v=-J19hJrClZoПохожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024