1 маусым - Халықаралық балалар күні! Бұл күні кез келген ата-ана кішкентай балақайларға ерекше көңіл бөліп, олардың қалағанын орындайды. Ауыл-аймақ, қалаларда осы күнге арналған түрлі концерттер ұйымдастырылып, тіпті кейбір компаниялар немесе орталықтар аталған күнді ерекше өткізуге тырысады. 7kun.kz осыған орай ұйымдастырылған шаралардан фоторепортаж ұсынады.
Балалар күнін өткізу жөніндегі шешім 1949 жылдың қараша айында Парижде Халықаралық демократиялық әйелдер федерациясының арнайы сессиясында қабылданған. Алғашқы Халықаралық балаларды қорғау күні 1950 жылы өткізілген
Алматы қаласындағы Оқушылар сарайы. Мұнда келген балалар "Арай" жоғарғы сынып оқушылар клубының оқушылары мен түлектері ұйымдастырған ойынға қатысып, өздерінің шеберліктерін көрсетті.
Клуб жетекшісі Оксана Лаврушенконың сөзінше, балаларға арналған кештер тек 1 маусымда ғана емес, басқа уақытта да жиі ұйымдасытырылады.
"Балаларға күні бойы интернет алдында отырғаннан гөрі осындай сауық кештерге келген қызықты. Сондықтан біз балалардың құлшынысын ояту мақсатында түрлі ойындарды ұйымдастырғанды жөн көреміз", - дейді ол.
Келесі бір мерекелік кеш балалар жазушысы Жан Аманиидың ұйымдастыруымен болды. Балалар күніне арналған кеш барысында жазушы өнер көрсеткен балақайларға «Даниялдың ғажайып әлемі» және «Алуан түсті балықтар және Дария» атты ертегі кітаптарын ұсынды.
Кеш балалардың шығармашылығына ұласты. «Colibri» МОЛЛ» бутигі, «Мама, почитай» кітап дүкендерінің желісі, Халықаралық «Almaland» мектебі бүлдіршіндердің сурет салу қабілеттілігіне ерекше назар аударды.
Сондай-ақ, 31 мамыр күні Алматы қаласында Балаларды қорғау күнінің қарсаңында Болат Өтемұратовтың «Асыл Мирас» Қайырымдылық Қоры «Аутизм. Әлем барша үшін біреу» бағдарламасы аясында 10 және 18 жас аралығындағы жас тәрбиеленушілерінің еңбектерінің көрмесі басталды. Көрме 5 мамырға дейін жалғасады.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024