Атырау. 11 тамыз. 7kun.kz – Бақытгүл Хаменова 3 тамызда Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметінен босатылғаны белгілі болды. Бұл туралы облыс әкімшілігінде хабарлады.
«(...) Президент Әкімшілігімен келісе отырып, облыс әкімінің 2022 жылғы 3 тамыздағы өкімі бойынша Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова қызметінен босатылды», – делінген Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімдігі берген жауапта.
Айта кетейік, Бақытгүл Хаменова 2021 жылдың 22 желтоқсанында қамауға алынды. Ол 10 желтоқсанда Атырауда Абай ескерткішін 145 млн теңге сомасында дайындау және орнату бойынша мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасу үшін 4,5 млн теңге пара алды деген күдікке ілінді.
Алғашында ол уақытша ұстау изоляторына қамалды, кейін Атырау тергеу соты үйқамаққа алуға санкция берді. Бірақ кейіннен облыстық прокуратураның ұсынысы бойынша бұлтартпау шарасы қатаңдатылды.
Бүгін Атырауда оған қатысты сот отырысы өтіп жатыр.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024