Алматы. 23 қазан. 7kun.kz – Ұлттық банк шілде-қыркүйек айларында коммерциялық банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың жұмысына талдау жасады, деп хабарлайды 24.kz.
Тұтынушылардың арыз-шағымдарын қорытындылай келе, құқық бұзушылықтарды анықтады. Қаржы ұйымы елімізде «ақша өндіретін ресейлік банктер қаптап жүр» деп хабарлайды.
Нәтижесінде заң бұзушылықтар анықталған екінші деңгейлі банктерді жазаға тартпақ. Атап айтқанда, оларға 71 санкция және шектеу шаралары қолданылуда. Қазір 28 санкция аясында айыппұл салынды. Кейбір банктерге жазбаша ескерту жасалды.
Жүргізілген талдау нәтижелерінде банктердің өз клиенттеріне банктік қарыздарға қызмет көрсетуге, төлемдер мен ақша аударымдарын жасау бойынша талаптардың сақтамайтыны белгілі болған. Соның ішінде қарыз алушыға берешек мерзімінің өткендігі туралы уақытында хабарланбайтыны анықталып отыр.