Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

"Баспана" ИҰ төрағасы ауысты

"Баспана" ИҰ төрағасы ауысты

Алматы. 5 маусым. 7kun.kz – Ұлттық Банктің шешімімен "Баспана" ипотекалық ұйымы басқармасының төрағасы болып Ерболат Оспанов сайланды.

Бұған дейін осы лауазымда Қайрат Алтынбеков қызмет атқарды.

Ерболат Оспанов 2017 жылдан бастап Қазақстан ипотекалық компаниясының тәуелсіз директоры қызметін атқарды.

Әр жылдары Borgata Mayer Inc, KMG Kashagan B.V., "Аджип Казахстан Норт Каспиан Оперейтинг Компани Б. В." және т. б. қызмет етті.

Еске сала кетейік, "7-20-25" бағдарламасының операторы ретінде "Баспананың" негізгі міндеті - ипотекалық тұрғын үй қарыздары бойынша талап ету құқығын сатып алу арқылы ипотекалық тұрғын үй несиесі нарығына қатысушыларды қайта қаржыландыру.

Похожие материалы