Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Bentley мен Porsche сенімсіз автокөліктердің рейтингісінде көш бастады

Bentley мен Porsche сенімсіз автокөліктердің рейтингісінде  көш бастады

Британдық Reliability Index компаниясы сенімсіз көліктердің рейтингісін жасады. Тізім жапондық автокөліктермен басталып, жоғары сапалы брендтермен аяқталды.

Рейтинг жасау барысында көліктің бұзылу жиілігі, қосалқы бөлшектерінің бағасы, жөндеудің күрделілігі мен бағасы есепке алынды. Жалпы саны 39 автокөлік бағаланды. Нәтижесінде ең сенімді автокөліктер Honda мен Daihatsu болып шықты. Сонымен бірге, сенімді көліктердің көшбасшыларының қатарында Suzuki, Toyota, Chevrolet, Mazda, Ford, Lexus, Skoda және Hyundai да бар.

Volvo, BMW, Mercedes-Benz және Audi сынды еуропалық әйгілі брендтер 26, 28, 32, 34 орындарға жайғасты. Тізімнің соңғы орындарына Alfa Romeo, Land Rover, Porsche және Bentley көліктері орналасты.

Зерттеушілердің айтуынша, көш бастап тұрғандар мен аутсайдерлердің жөндеуге кететін орташа чектерінде айырмашылық екі есе болса керек. Мәселен, Honda иелері жөндеуге 335,87 фунт стерлинг (502 $) жұмсаса, Bentley мен Porsche қожайындары 678,50 (1015 $) және 784,71 (1173 $) фунт стерлинг жұмсайтыны белгілі болып отыр.

 

Похожие материалы