Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі болып тағайындалды

Мемлекет басшысының Жарлығымен Бердібек Сапарбаев Ақтөбе облысының әкімі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі парақшасында хабарланды.

Сапарбаев Бердібек Машбекұлы 1953 жылы 9 ақпанда туылған. Алматыдағы  Ауыл шаруашылық институтын аяқтады, мамандығы - экономист. Экономикалық ғылымдардың докторы, профессор. 1969 - 1971 жылдары - Қызылорда облысындағы совхоз жұмысшысы. 1971- 1973 жылдары - әскердегі қызмет. 1977 жылы институтты бітірген соң Республикалық мемлекеттік еңбек жинағы кассасы басқармасы экономист қызметін атқарды. 1977-1988 жылдары - аға экономист, бас экономист, ҚазССР қаржы министрлігінің бөлім бастығының орынбасары. 1988-1993 жылдары - Қазақстан Республикасы білім беру министрінің орынбасары. 1993 жылдан бастап Президент Аппаратындағы және Қазақстан Республикасы Министрлер кабинетіндегі  бөлім бастығының орынбасары. 1994-1995 жылдары- Министрлер кабинтетіндегі басқарманың қаржы, еңбек және әлеуметтік қорғау бөлімінің орынбасары, кейінірек басшысы. 1995 жылы Қазақстан Респбуликасындағы Министрлер кабинетінің аппаратын басқарды. 1995-1999 жылдары - Қызылорда облысының әкімі. 1999-2002 жылдары - Оңтүстік-Қазақстан облысының әкімі. 2002-2006 жылдары - ҚР Кедендік бақылау агенттігінің төрағасы, вице-министр. 2006-2007 жылдары - премьер-министр Кеңсесіндегі басқарма орынбасары. 2007 жылдың ақпаны мен тамызы аралығы  -  экономика және бюджетті жоспарлау вице-министрі. 2007 жылдың тамызынан бастап ҚР еңбек және әлеуметтік қорғау министрі атанды. 2009 жылдан бері Шығыс Қазақстан облысының әкімі қызметінде болды. Кейінірек 2014 жылы премьер-министрдің орынбасы ретінде тағайындалды.

Похожие материалы