Алматы. 24 қаңтар. 7kun.kz - Central Asia Monitor басылымының бас редакторы Бигелді Ғабдулин бес жылға бас бостандығынан айырылды.
Еске салайық, танымал журналист Қылмыстық кодекстің 194-баптың 4-бөлім 2-тармағына сәйкес істі болған еді.
Бүгінгі сот қорытындысы бойынша журналист бес жылға бас бостандығынан айырылумен қатар, пробациялық бақылауға алынып, сот залынан босатылды.
Бигелді Ғабдулиннің ұсталғаны туралы Қазақстанның жемқорлыққа қарсы ұлттық бюросы өткен жылдың 15 қарашасында хабарлап, кейін оның қамалғаны туралы ақпарат жарияланған. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның хабарлауынша, ол мемлекеттік органдардан «бақылауға алынған БАҚ» пайдасы үшін қаражат талап еткен.





