ҚР Білім және ғылым министрлігі құны 5,9 млрд теңге тұратын ғылыми жобаларды қаржыландырған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Білім және ғылым вице-министрі Такир Балықбаев айтты деп жазады Қазақпарат.
«ҚР Білім және ғылым министрлігі Дүниежүзілік банкпен бірлесе отырып, «Технологияларды коммерциялау» жобасын жүзеге асырып келе жатыр. Осы жобаның арқасында жалпы құны 5,9 млрд. теңгеге жететін коммерциялық әлеуеті жоғары 65 ғылыми әзірлемелер мен жобалар табылып, қаржыландырылды. Бүгінгі күнде 20 шақты компания саудаға шықты, олардың жобалар бойынша сатылымдары 103,4 млн. теңгені құрады. Сонымен қатар 34 келісім жасалып, 4 лицензияланған келісімшартқа қол қойылды», - деп атап өтті ол. БҒМ мәліметтері бойынша, соңғы 4 жылда ғылымды қаржыландыру 2,5 есеге өскен. Мәселен, 2010 жылы бұл көрсеткіш 20 млрд теңге болса, 2014 жылы 47,9 млрд теңге болған. Сонымен қатар қазір ғалымдардың саны да екі есеге артқан. Егер олардың саны 2010 жылы 15 мың болса, қазір 29 мыңнан асты. Айта кетейік, «Ұлт жоспары - 100 нақты қадам» бағдарламасының 63-64 қадамдарында ғылымға негізделген экономика құру туралы нақты айтылған. «63-қадамда ғылымға негізделген экономиканы қалыптастырудың алғышарты ретінде екі инновациялық кластерді дамыту көзделіп отыр. Ол бүгінгі таңда Назарбаев Университетінің базасында «Astana Business Campus» ғылыми паркін құру және Инновациялық технологиялар паркін дамыту бойынша жұмыстар жүргізу. «Astana Business Campus» ғылыми паркінің құрамына геологиялық, биомедициналық және жоғары технологиялық кластермен қатар әлеуметтік-іскерлік аймақ кіретін болады. Аталған кампуспен әлемге белгілі Microsoft, Samsung, Intel, Huawei, General Electric секілді халықаралық компаниялар өзара ынтымақтастық орнатуда», - деді вице-министр.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024