Ақпан айында мұнай бағасы 19%-ға жоғарылады, қаңтар айындағы минимумнан (барреліне 45,17 доллар) мұнай 37,65%-ға қалпына келді, ал 2015 жылдың басынан бері баға 9,5%-ға өскен. Бұл туралы Tengrinews.kz корреспондентіне "Альпари" компаниясының сарапшысы Владислав Антонов хабарлады.
"Brent маркалы мұнайдың бағасы 27 ақпан күні, аптаны барреліне 62,12 доллармен жапты. Brent 62,95-63,35 доллар аймағын "шабуылдау" үшін күш жинап жатыр", - деді сарапшы.
Forex Club компаниялар тобының сарапшысы Валерий Полховский мұнай нарығы әзірше күту режиміне өтуге тырысып жатыр деп топшылайды. "Бағамдар төмендеуге асықпайды, себебі олар қазір төмен деңгейде, ал барреліне 63 доллар межесінен жоғары өсімді жалғастыру үшін ұсыныс пен сұраныс арасындағы дисбалансты жою туралы белгі бере алатын іргелі негіздер жетіспейді. Техникалық талдау көзқарасынан барреліне 57,40-63 доллар дәлізін атап өтуге болады, бір апта бойына мұнай осы аралықта. Осы аралықтың жоғарғы шегінен асып түсу барреліне 67,50 доллар аймағын ашады", - деп түсінік берді сарапашы.
Похожие материалы
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024
Правительственная комиссия расследует причины авиакатастрофы вблизи Актау
- 26 желтоқсан, 2024