Бір жыл ішінде Қазақстан халқының саны 255 мың адамға көбейді. Бұл мәліметтерді ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті жария етті.
«2015 жылдың 1 сәуір күнгі көрсеткіші бойынша, халық саны 17 476,1 мыңға жетті. Оның ішінде, қала тұрғындары - 9 916,6 мың (55,3%), ауылдық жерлерде - 7 559,6 мың адам (43,3%). Өткен жылдың 1 сәуір күнімен салыстырғанда, осы жылы халық саны 255 мың адамға немесе 1,48 пайызға көбейді», - делінген мәлімдемеде. «Республика халқының өсімі өткен жылдың қаңтар-наурызымен салыстырғанда 2015 жылдың қаңтар-наурыз айларында 0,7 мың адамға немесе 1,2 пайызға азайған», - дейді Комитет мүшелері. Одан бөлек, жыл басынан бері үш айдың ішінде өткен жылмен салыстырғанда мигранттар 14,2 пайызға азайып, 4 165 адамды құрады. Елден кеткен мигранттар саны - 4 516 адам, көрсеткіш 11,1 пайызға көбейген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024