Өткен жылдың көктем айында бавариялық автоөндірушілер ресми растаған BMW X7 үлкен кроссовері өте салтанатты кейіпте болатыны белгілі болды. Бұл жөнінде Drive аустралиялық ресурсы хабарлайды. Үш қатарлы жеті орындқы нұсқадан бөлек, төрт орындық екі қатарлы X7 де шығарылатын болады.
Іші кең салон әдемі безендіріледі деп жоспарланып отыр. Атап айтқанда, артқы жағында желдету, жылыту, массаж жасау функцияларымен және бөлек ойын-сауық жүйесімен жабдықталмақ.
BMW X7 тұсаукесері 2017 жылы өтеді. Ал, сатылымға тек одан бір жылдан кейін шығады. Нарыққа шыққан соң жол талғамайтын көлік Bentley Bentayga, Mercedes-Maybach GLS және әзірге атауы беймәлім Rolls-Royce автокөліктеріне бәсекелес болады.
Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024