Познавательный
BMW Tesla-ға бәсекелес көлік шығарады
BMW компаниясы Tesla Model X-ке бәсекелес болатын бірінші толыққанды электрлі кроссоверін шығармақшы. Бұл туралы өзіндік дереккөздеріне сілтеме жасап немістің Wirtschaftswoche басылымы хабарлайды.
Инсайдерлердің мәліметінше, BMW i3 және i8 үлгілеріне қарағанда жаңа электрокар Лейпцигте емес, американдық Спартанбургтегі BMW зауытында құрастырылады. Өндірісті кеңейту үшін 1 млрд еуро көлемінде инвестиция салу жоспарланып отыр.
Дегенмен де, BMW-ның электрлік кроссовері компанияның жоғары басшылығы тарапынан рұқсат алу қажет. Егер келісім берілсе, жаңа көліктің басты бәсекелесі Tesla Model X болады. Аталған үлгінің тұсаукесері жақын арадағы күзге белгіленіп отыр. Бавариялық марка туралы басқа да мәліметтер белгісіз. Тек жаңа кроссовердің BMW компаниясының қымбат электромобилдерге арнап арнайы сақтаған i желілерінде шығарылатындығы белгілі.