Қазақстан. 3 мамыр. 7kun.kz – Болат Назарбаевтың 27 жастағы ұлы Ербол Назарбаев Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің арнайы департаменті басшысының орынбасары қызметінен босатылды, деп хабарлайды 7kun.kz.
Ресми хабарламада Ербол Назарбаевтың 22 қаңтарда қызметтен кеткені айтылады. Алайда бұл туралы мәліметті Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігі 3 мамырда ғана жариялады.
«2022 жылдың 26 қаңтарында Агенттік төрағасының бұйрығымен Ербол Назарбаев арнайы департамент басшысының орынбасары қызметінен босатылды», - деп жазда ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттіктің баспасөз қызметі.
Одан бөлек, аталған азамат Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтен 2022 жылдың 14 сәуірінде толықтай шеттетілгені жазылған.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024