Британия полициясы 2010 жылы "қара бейсенбіні" тудырған трейдерді қамауға алды
Британдық полиция америкалық биліктің сұрауы арқылы биржалық трейдер Навиндер Сингха Сараоны қамауға алды. Оны қор нарығында алаяқтық жасады деп айыптап отыр деп хабарлайды ВВС.
АҚШ-тың әділет министрлігі Навиндер Сингха Сараоның әрекеті 2010 жылдың 6 мамырындағы "қара бейсенбінің" орын алуына әсер еткен бірден-бір фактор болды деп есептейді. Сол уақытта Dow Jones Industrial Average индексі 5 минут ішінде 600 пунктіге түсіп кеткен еді.
Ведомстваның мәліметінше, трейдер жасанды баға белгіленімінің құбылуын туғызу үшін нарықта жалған әрекеттерге барған. Бұл ісі оған 5 жылда 40 млн доллар пайда әкелді.
2010 жылы Dow Jones индексі 1000 пунктіге дейін түсіп, барлық валюта нарығын төмендетті. 6 мамыр "қара бейсенбі" деген атау алды. Wilshire International компанияның бағалауынша, 15 минут ішінде нарық 1 трлн доллардан астам жоғалтқан.
36 жастағы Сарао арнайы бағдарламаның көмегімен қор нарығын ірі келісімдер туралы хабарландырулармен толтырған. Мұның салдарынан Dow Jones индексі бір сәтті құлдырап кетті.
Nav Sarao Milking Markets Ltd фирмасының иесі болған Сарао оған дейін де қор нарығында алаяқтықпен айналысыпты. 2009 жылы ол түрлі бағдарламалардың көмегімен жылдамдығы жоғары трейдерлердің тәсілдерін қолданып, 40 миллион доллар табыс тапқан.





