Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Брюсселдегі жарылыстан соң еуропалық индекстер құлдырады

Брюсселдегі жарылыстан соң еуропалық индекстер құлдырады

Брюсселдегі жарылыстан соң Euro Stoxx 50 сводтық еуропалық қор индексі  1,2%-ға, немістің DAX индексі 1,1%-ға құлдырады. Мұндай құлдыраулар FTSE 100, швейцарлық SMI, итальяндық FTSE MIB, испандық IBEX 35 индекстерінде де болды, деп жазды Вести Экономика.

Бельгияның BEL 20 басты қор индексі 1,5%-ын жоғалтты. Еуропалық әуе компаниялардың (Lufthansa, Ryanair, Norwegian Air Shuttle) құнды қағаздарының бағасы 3-3,4%-ға дейін түсті.

Британдық Easyjet лоукастерінің акциясы бірден 6%-ға құлдырады. British Airways және Iberia Airlines-ті біріктіруші International Consolidated Airlines Group халықаралық авиация холдингі қағазарының құны 5%-ға төмендеді.

Айта кетейік, 22 наурыз күні Бельгия астанасы Брюсселдің халықаралық әуежайында екі бірдей жарылыс болды. Әуежай әзірге жабық. Оқиға куәгерлерінің хабарлауынша, жарылыс American Airlines ұшу аймағында орын алған. Осыдан соң қала метросында тағы екі жарылыс болды. Қаза тапқандардың саны әзірге - 17.

Похожие материалы