5 және 6 маусым күндері 23 393 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш білдірген. Оның 22 080-і тестілеуге қатысқан.
5 маусым күні ҰБТ республика бойынша 50 бөлімшеде өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 15176 түлектің 14280-сі қатысты. Межелі 50 баллды 2527 түлек жинай алмады. Ұпай саны жүзден жоғары болған түлектер саны - 2674. Мүмкін болған 125 баллды Алматы қаласының №90 лицейінің түлегі Яковлева Анастасия Владимировна жинады. Ал, 6-маусым күні ҰБТ 22 бөлімшеде өткізілді. Ол күні тестілеуге қатысуға 8217 түлек өтініш берген. Оның 7800-і тест тапсырды. Межелі 50 баллды жинай алмағандар саны - 1706. Ал, 1288 түлек жүзден жоғары балл алған. ҰБТ-ның бесінші күні максимал балл 125-ті жинаған түлек болмады.Похожие материалы
Финансы
Банки Казахстана в шаге от того, чтобы заработать больше, чем в 2024 году
- 19 желтоқсан, 2025
Финансы
Более 10 млрд тенге инвестировал Halyk Bank в новое здание офиса в Атырау
- 18 желтоқсан, 2025





