Экономика
ҰБТ-2015: төртінші және бесінші күннің нәтижелері
5 және 6 маусым күндері 23 393 түлек Ұлттық бірыңғай тестілеуге (ҰБТ) қатысуға өтініш білдірген. Оның 22 080-і тестілеуге қатысқан.
5 маусым күні ҰБТ республика бойынша 50 бөлімшеде өткізілді. Тестілеуге өтініш берген 15176 түлектің 14280-сі қатысты.
Межелі 50 баллды 2527 түлек жинай алмады. Ұпай саны жүзден жоғары болған түлектер саны - 2674.
Мүмкін болған 125 баллды Алматы қаласының №90 лицейінің түлегі Яковлева Анастасия Владимировна жинады.
Ал, 6-маусым күні ҰБТ 22 бөлімшеде өткізілді. Ол күні тестілеуге қатысуға 8217 түлек өтініш берген. Оның 7800-і тест тапсырды.
Межелі 50 баллды жинай алмағандар саны - 1706. Ал, 1288 түлек жүзден жоғары балл алған. ҰБТ-ның бесінші күні максимал балл 125-ті жинаған түлек болмады.