Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

ҰБТ-да оқушылардан қанша телефон мен калькулятор тәркіленді

ҰБТ-да оқушылардан қанша телефон мен калькулятор тәркіленді

Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Қазақстанда Ұлттық бірыңғай тестілеуді (ҰБТ) тапсырушы түлектерден аудиторияға кіре берісте телефондар, калькуляторлар мен шпаргалкаларды жинап алды.

Осылайша, алынған телефондардың саны 90 мыңнан асты, калькуляторлар – 28 мың және шпаргалкалар – екі мыңға жуық. Бұл туралы Ұлттық тестілеу орталығы директорының міндетін атқарушы Дидар Смағұлов Facebook парақшасында хабарлады.

"90 375 ұялы телефон, 28 344 калькулятор және 1 867 шпаргалка ҰБТ-да тәркіленді… Құрметті ата-аналар мен мұғалімдер, балаларды жүйені алдау қабілетіне емес, адал бәсекелестік пен білім көрсетуге дайындайық…", - деді Дидар Смағұлов.

Еске сала кетейік, 2019 жылы оқушылар ұлттық бірыңғай тестілеуді 20-30 маусым аралығында тапсырды. ҰБТ-ға 117 мыңнан астам түлек кірді. Тестілеу кезеңінде тәртіп бұзғаны үшін төрт адам аудиториядан шығарылды.

Похожие материалы