Алматы. 29 қаңтар. 7kun.kz – Өзбекстаннан "БТА Банкі"АҚ-нан қаражат ұрлады деген күдікпен Артур Трофимов экстрадицияланды. Сонымен қатар, күдікті қылмыстық топты ұйымдастырғаны үшін де айыпталды. Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.
"Бас прокуратура мен Өзбекстанның Ұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы бюросының қызметкерлері қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Артур Трофимовты экстрадициялады. Ұсталған азамат 2005-2009 жылдары "БТА Банкі" АҚ-нан аса ірі мөлшерде ақша ұрлауға, оларды заңдастыруға (жылыстатуға), сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топты құруға және басқаруға қатысуға күдікті болып отыр", - делінген хабарламада.
Фигурантты экстрадициялау қазақстандық құқық қорғау органдарының өзбек әріптестерімен үйлесімді әрекеттерінің арқасында жүзеге асты.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024