Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

БТА Банкті Асқарбек Нәбиев басқаратын болды

БТА Банкті Асқарбек Нәбиев басқаратын болды

БТА Банк директорлар кеңесі 2015 жылдың 30 наурызынан бастап "БТА Банк" АҚ басқарма төрағасы Мағжан Әуезовтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатып, осы лауазымға Асқарбек Нәбиевті сайлау туралы шешімді қабылдады деп хабарлайды банктің баспасөз қызметі.

Асқарбек Нәбиев осы қызметте 2015 жылдың 8 сәуірі мен 31 желтоқсаны аралығында болады.

"Сонымен қатар 2015 жылдың 1 мамырынан бастап жеке бастамасымен басқарушы директор - басқарма мүшесі Қайыржан Мимикеновтың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды", - делінген банк хабарламасында.

Похожие материалы