Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (БЖЗҚ) 2015 жылдың бес айы ішіндегі инвестициялық табысы 121,82 млрд теңге болды. Бұл жөнінде "Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры" АҚ баспасөз қызметі хабарлайды.
2015 жылдың 1 маусым күніне дейін жеке зейнетақы шоттарының (ЖЗШ) барлық келісім шарт түрлері бойынша көлемі 10 014 027 бірлікті құрады. Зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 4,85 триллионнан асты. БЖЗҚ-ның соңғы бес айда тапқан инвестициялық табысы мен салымшылардың ЖЗШ-ларының сомасы 121,82 млрд теңге болды. БЖЗҚ-дан берілетін зейнетақы төлемдерінің сомасы 2015 жылдың соңғы бес айында 64,57 млрд теңгені, сонымен бірге сақтандыру ұйымдарына жасалған аударымдар 6,31 млрд теңгені құрады. Және де қаңтар-мамыр айларында қор кеңселеріне ақпарат алу үшін шамамен 1940000 адам келген. Одан бөлек, БЖЗҚ салымшыларға интернет-қызметтер көрсетуді дамытып жатыр. Ақпан айында шыққалы бері 1 маусымға дейін egov электронды үкімет порталы арқылы 26 000 тұтынушы өздерінің инвестициялық табысын қосқандағы зейнетақы жинақтары туралы ақпарат алған. 300000 адам ақпарат алу үшін электронды поштаны таңдаса, 400000 адам қордың веб-сайтын таңдаған. Смартфондар мен планшеттерге арналған ENPF мобильдік қосымшасын жүктеушілер саны да артқан. 2015 жылдың 1 маусымына дейін аталған қосымша 42 300 рет жүктелген.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024