Экономика
Coca-Cola компаниясына 3,3 млрд доллар көлемінде салық төлемеді деген айып тағылды
АҚШ Федералды салық ведомствосы Coca-Cola компаниясын 3,3 млрд доллар көлемінде салық төлемеді деп айыптап отыр.
BBC-дің хабарлауынша, бұл жерде 2007 жыл мен 2009 жыл аралығындағы кезең айтылып отыр. Компания айыптарды жоққа шығарып, соттан әділдік іздемек. Кока-Коланың ресми мәлімдемесінде мәселені шешу үшін заңмен бекітілген "әкімшілік және құқықтық құралдарды" пайдаланамыз делінген. Сондай-ақ, компанияның айтуынша, ведомство әлі айыппұл салу туралы ұсыныс жібермеген.Тэги:
Похожие материалы
Новости
Экономика
На сколько будут увеличены пенсии и пособия в Казахстане в 2025 году
- 30 желтоқсан, 2024
Новости
Экономика
Более 13 тыс. казахстанцам назначена специальная социальная выплата
- 26 желтоқсан, 2024