Алматы. 23 маусым. 7kun.kz - «Даму» Қоры мен қазақстан банктері бизнеске, шағын және орта кәсіпкерлікке 20 млрд теңге бөлді.
Оның ішінде «Даму» Қоры бизнеске, шағын және орта кәсіпкерлікке 10 млрд теңге бөлді. Ал қалған қаражат «АТФ Банкке» (8 млрд теңге) пен «Нұрбанкке» (2 млрд теңге) салынды. Талап бойынша банктер паритетті түрде қаржы бөлуі керек. Яғни екі банк осы сомаға тең қаржы шығарады. Осылайша «Даму-Өңірлер ІІІ» бағдарламасына бөлінген қаржының жалпы көлемі 20 млрд теңгені құрады.
Несие «Бизнестің жол картасы-2020» бизнесті қолдау мен дамытудың біріңғай бағдарламасы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаларға беріледі.
«Даму-Өңірлер» бағдарламасы бойынша несие алған кәсіпкерлер субсидия түріндегі қосымша жеңілдікті де пайдаланып, пайыздық мөлшерлемені 7-10 пайызға арзандата алады. Ал кепіл мүлкі болмаған немесе жетіспеген жағдайда «Даму» Қоры несие сомасының 85 пайызына дейін кепілдік береді.
Қаржыландыру талаптары:
Несие бойынша номиналды сыйақы мөлшерлемесі:
- «АТФ Банк» АҚ – жылына 14%;
- «Нұрбанк» - жылына 17,5%;
Бір кәсіпкердің қолына 500 млн теңгеге дейін беріледі;
Мерзімі – 84 айға дейін.
Салалар:
⋅ Агроөнекәсіптік кешен;
⋅Тау-кен өндіру саласы;
⋅ Құрылыс материалдарын шығару;
⋅ Металлургия, металлөңдеу, машинақұрылысы;
⋅ Көлік және қоймада сақтау;
⋅ Туризм;
⋅ Ақпарат және байланыс;
⋅Кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет түрлері;
⋅ Денсаулық сақтау және әлеуметтік қызметтер;
⋅ Білім беру;
⋅ Өнер, көңіл көтеру және демалыс;
⋅ Басқа да қызмет түрлерін көрсету.
Бұл бағдарламаларды жүзеге асыру аясында қазіргі уақытта 3 134 кәсіпкер несие алып, 11 375 жаңа жұмыс орындары ашылды. Нақты берілген қаражат 175 млрд теңгеге жетті.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024