Экономиканы қай жағынан алып қарасақ та, олардың барлығы экономикалық өсу мәселесiне алып келедi. Бұл мәселенiң өзектiлiгi халықтың тұрақты өсуiне, өмiр сүрудiң жоғары деңгейiн қамтамасыз ету болып табылады.
Экономикалық өсу ұғымын бiз ылғида ұзақ мерзiмде қарастырамыз. Өйткенi, қысқа мерзiмде өндiрiс факторлары тұрақты болып келедi.
Осылайша, экономикалық өсу толық жұмысбастылық жағдайындағы потенциалды өнiм өндiру деңгейiнiң ұзақ мерзiмдегi қарқыны болып табылады.
Қазақстан Республикасы XXI күрделi өзгерiстермен аяқ басты. Он төрт жылдан астам уақытта елiмiздiң тәуелсiздiгiмен қатар жүргiзiлiп келе жатған экономикалық реформалардың маңыздылығы мен қолданбалылығына тоқталар кез жеттi.
Бұл мәселенiң өзектiлiгi әлемдiк экономикалық қауымдастықта елiмiздiң нарықтық бағытта дамушы ел деп танылуымен арта түстi. Себебi Елбасы атап көрсеткенiндей, “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек”.
Сондықтанда болар бүгiнгi күнi экономикалық дамудың тиiмдi жолдарын табу туралы мәселелi сұрақтар кең түрде талқылауға түсiп отыр. Ол үшiн елде тұрақты экономикалық өсу және соны жүзеге асыру үшiн мемлекеттiк бағдарламалар немесе стратегиялар қажет /1/.
Экономикалық өсу әдетте ЖIӨ-нiң нақты өсуiмен бағаланады және оның өсу қарқынымен тiкелей байланысты. Экономикада құлдырау және өркендеу кезеңiне байланысты өсудiң екi аспектiсi болады: өсу нәтижесiнiң бұрынғы деңгейiне жету және одан асып кету. Қазақстан экономикасы қазiр экономикалық өсудiң қайта жандану кезеңiнде өмiр сүрiп отыр. Мұндай 70 жыл бойы мүлде басқа көзқараста болып келiп, ендi оған керiсiнше нарықтық экономикаға өту кезiнде мемлекеттiң, яғни макроэкономикалық реттеудiң алатын орны үлкен болуы керек.
Экономикалық өсудiң тұрақтылығы шаруашылық саясатты жүргiзудiң бiрден-бiр көзi. Экономикалық өсу тек қана жұмысшыларға жұмыс орнын табу, жұмыс күшiнiң толықтырылуы емес, сондай-ақ жұмыссыздық деңгейiн алдын-алу болып табылады.
Халық санының өсуiмен қатар, экономикалық өсу бұл өмiр сүру деңгейiнiң жоғарылауын қамтамасыз етедi. Осы көрсеткiш бүкiл әлеуметтiк мәселелердi, жалпы елдiң тұрмыс-тiршiлiгiн шешетiн көрсеткiш. Оның тиiмдi болуы үшiн ең алдымен елдегi жүргiзiлiп отырған экономикалық саясат дұрыс жүргiзiлуi және оның орындалуы үшiн ұлттық экономиканы қолдайтын, ешқандай жалалы болмайтын нақты экономикалық стратегиялар болуы керек.
I ДАМУШЫ ЕЛДЕРДЕГI ЭКОНОМИКАЛЫҚ ӨСУ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН ЭКОНОМИКАСЫ
- Дамушы елдердiң экономикалық өсуiнiң ерекшелiктерi мен мәселелерi (Оңтүстiк Корея мысалында)
Бүгiнде әлемдiк экономикада барлық елдердiң негiзгi мақсаты мен бағыт-бағдары тұрақты экономикалық өсуге қол жеткiзiп, халықтың тұрмыс деңгейiн жақсартып, әлемдiк рыноктағы бәсекелестiк орнын мығымдауға ынталы болады.
Бiрақ әрбiр елдiң экономикалық өсуге қол жеткiзуi әр деңгеде және әр түрлi формада көрiнiс табады. Бiзге белгiлi қазiр әлемдегi елдер даму жағынан үш түрге бөлiнедi. Олар:
- Жоғары дамыған елдер;
- Дамушы елдер;
- Даму жағынан артта қалған елдер /4/.
Қазақстан Республикасы әлемдiк экономикаға өзiнiң егемендiгiн алғаннан кейiн дамушы ел ретiнде өз орнын тапты. Себебi Елбасымыз өз Жолдауында атап көрсеткенiндей “мемлекетiмiз әлем таныған, алдыңғы қатарлы елдер қатарына қосылуы керек” деп атап көрсеттi.
Ал әлемдiк тәжiрибе көрсетiп отырғандай бүгiнде әлемде дамыған және даму жағынан жоғары болып отырған елдердiң барлығы дамудың сервистiк-технологиялық бағытына өтiп кеткен, ал шикiзаттық өндiрiспен даму жағынан артта қалған және өте тиiмсiз экономикадағы дамушы елдер жатады. Сондықтан елiмiз жоғары дамыған елдер қатарына өтуi үшiн эономикалық дамудың индустриялы-инновациялы жолына түсуi қажет. Осы мақсатта елiмiзде бүгiнде алғашқы iс-шаралар жүзеге асуда. Оның негiзгi елiмiзде 2003-2015 жылдарға арналған Индустриялы-инновация стратегияның қабылдануы болып табылады /10/.
Қазiргi әлемдiк экономикада шикiзат бағыттағы экономиканың дамуы тұрақсыз болып келiп, ол әлемдiк рыноктағы шикiзат бағаларының өзгеруiне тәуелдi болады. Бүгiнде шикiзат бағытындағы елдер даму жағынан артта қалған және экономикасы тиiмсiз жағдайда болып отырған дамушы елдер айналысады. Өз кезегiнде шикiзат бағытындағы экономиканың шығындары көп болып, ол қоршаған ортаға, жалпы қоғамға өз зиянын тигiзедi.
Ал дамушы елдер iшiнде индустриялы-инновациялы, технологиялары дамыған және өнеркәсiптiң өңдеушi салаларын дамытып, қалдықсыз өнеркәсiптi iске асырып отырған әлемдегi жаңа индустриялы елдердi атап өтсек болады. Олардың iшiнде экономиканы қысқа мерзiмде тиiмдi реформалап, дамудың жоғары дәрежесiне жеткен Оңтүстiк-Шығыс Азияның елдерiн атауға болады. Бұл елдер 20-30 жыл iшiнде әлемдiк шаруашылықта “Азия жолбарасы”, “Азия айдаһары” деген атпен дүниежүзiне белгiлi болды. Бұл елдерге:
- Оңтүстiк Корея;
- Тайван;
- Китай;
- Сингапур;
- Малайзия;
- Индонезия;
- Гонконг елдерi жатады /7/.
Бұл аталған дамушы елдердiң барлығы экономиканың шикiзаттық бағытынан қол үзiп, дамудың индустриялы, жоғары технологиялы жолына түсiп, бүгiнде әлемдегi дамыған жетiлiк елдермен бәсекеге түсуде.
Олардың мұндай өсудiң жоғары деңгейiне және тиiмдi экономикалық жолға түсуiне осы елдерде жүргiзiлген экономикалық реформалардың жемiсi деп айтсақ болады. Бұл елдерде мемлекет тарапынан экономиканы тиiмдi реформалау кезеңдер арқылы және даму стратегиялары арқылы iске асты.
Әрине Қазақстан Республикасы үшiн экономикалық өсудiң жоспарын жасауда осы елдерден үлгi алу бiздiң ұлттық экономика үшiн тиiмдi болып табылады. Сондықтан осы елдердiң экономикалық дамуының ерекшiлiгiн талдап, оның елiмiз экономикасы үшiн қолайлы жақтарын анықтау бүгiндегi тапсырмалардың бiрi. Осылайша мен мысал ретiнде осы шетелдердiң экономикалық өсуiнiң процесiне тоқталып өтудi жөн көрдiм.
Осы дамушы елдердiң бiрi, бүгiнде әлемдегi әйгiлi жетiлiкке бәсекелес болып отырған Оңтүстiк Корея Республикасы. Бүгiнде бiрде-бiр ел өзiнiң жаңа өнеркәсiп салаларының дамуы, экономикасы жағынан Жапония, АҚШ және Еуропа елдерiмен бәсекелес бола алмаған едi. Ал қазiр Оңтүстiк Корея компаниялары мен фирмалары электротехника, метал өнiмдерi, машина жасау, текстильдi және т.б. тауарларды өндiруде жоғары табыстарға жетiп, жаңағы аталған дамыған елдермен бәсекеге түсуде.
Оңтүстiк Кореяның әлемдiк саудадағы үлесi 80-шi жылдары 10%-ға өстi. Сол уақытта Оңтүстiк корея Рспубликасы темiр бұйымдарын экспорттаудағы үлесi 57%, 52,4% - түссiз телевизорлар экспорты, 41,8% - ақпаратты талдау құрылғылары, 40,9% - ер адамдар көйлегi мен синтетикалық маталар, 32,2% - металдық контейнерлер экспорттады /7/.
Кореяның өткен ғаысрдың соңғы ширегiндегi ЖҰӨ-нiң орта жылдық өсуi 8,5% төңiрегiнде болып отырды. 1971 жылы өңдеушi өнеркәсiптiң үлесi жалпы өндiрiстiң 20%-ын құраса, ал 1980 жылдары бұл көрсеткiш 30%-ға жеттi.
Соғыстан кейiнгi жылдары Оңтүстiк Корея елiнiң табиғи ресурстары азайып, халықтың өмiр сүруiнiң деңгейi төмендеп, ұшқыр инфляция етек жайып, ауылшаруашылығы құлдыраған болатын.
Осы тұрақсыздықты шешуде Корей Республикасы экономикалық реформаларды 1962 жылдан бастап 5 жылдық экономикалық даму жоспары бойынша жүргiзiп отырды. Бұл жоспарлар шетел инвестицияларының көптеп келуiне жағдай жасауға бағытталды /7/.
Шетел инвестицияларының басым көпшiлiгi алғашқы жылдары жеңiл өнеркәсiпке салынды. Кореяның дамуына ерекше серпiн берген 60-80-шi жылдардағы инвестициялардың көптеп ағылуы болып табылады. Ол инвестициялардың 46 млрд. доллары, оның iшiнде 39,2 млрд. (88%) сыртқы қарыздар негiзiнде көрiнiс тапты. Шетелдiң мемлекеттiк несиелерi белгiлi бiр жеңiлдiктер мен жағдайлар негiзiнде берiлдi.
Бұл несиелердiң басым бөлiгi отын-энергетикалық комплекс объектiлерiнiң, темiр жол немесе автомобиль жолдарын, метро, тұрғын үй секторы, коммуналдық шаруашылық, денсаулық сақтау мен бiлiм беру салаларына салынды. Жеке кәсiпкерлiкке несиелердi көп мөлшерде беру кәсiпкерлердiң экономикалық активтi қызмет етуiне себепшi болды.
Капиталды салымдардың басым бөлiгi өңдеушi өнеркәсiпке және өндiрiстiк инфрақұрылымға жұмсалды. Бұл салалардың барлығы дерлiктей жеке компаниялар негiзiнде қызмет еттi.
Оңтүстiк Корея Республикасының экономиканы қайта құрудың 1-шi кезеңiнде жеңiлдiктi несиелердiң орны ерекше болды. Осы несиелер арқылы елдiң қажеттi деген салаларын жоғары деңгейде дамыту көзделдi. Шетел инвестициялары арқылы құрылған бiрiккен кәсiпорындар 50%-дық жарғылық негiзде жұмыс iстедi /6/.
Қаржы Министрлiгi шетел инвестцияларына ешбiр қарсы болмады, егер олар келесi талаптарға жауап бере алса:
- Шетел салымдары шектеу қойылған салаларға бағытталмауы керек (темiр жол, байланыс, суқоймалары, ойын бизнестерi, радио және баспа iсi);
- Шетел капиталы 50%-дық жарғылық қордан аспауы керек (егер кәсiпорын 60%-дан жоғары өндiрiстiк өнiмдер экспортқа шығаратын болса);
- Шетел инвесторы елдегi салық жеңiлдiктерi туралы шараларға өздiгiнен араласапауы қажет /7/.
Шетел капиталдарының нақты ағылуы арнайы еркiн экономикалық аймақтардың болуымен көрiнiс табады. Қазiргi уақытта Кореяда 30-дан астам арнайы өндiрiстiк аймақтар бар, яғни онда 500 мың жұмысшылар мен қызметкерлер еңбек етедi.
Кореяда 80-шi жылдары шетел инвестициялары түбiрлi өзгерiске ұшырады. Елдегi капиталдың жинақталған көздерi керiсiнше инвестицияларды сыртқа шығару керектiгiн дәлелдедi. Осыдан бастап Корей Республикасы өз инвестицияларын сыртқа шығара бастады. Бүгiнде елiмiздiң сырттан келетiн капиталдардың бiраз бөлiгi осы елдiң инвестициялары екенi бәрiмiзге белгiлi.
Корея дамыған елдерден нақты экономикалық көрсеткiштердiң шамасымен оларға жете алмауда. Мысалы, 1991 жылы ЖҰӨ АҚШ-та 4,5 млрд. доллар, Жапонияда 2,7 млрд. долларды құраса, ал бұл көрсеткiш Оңтүстiк Кореяда 119 мың доллар болып отыр. Сондай-ақ iрi компанияларының табыстары әлемдегi дамыған елдер iрi компанияларының табыстарынан көп артта болып табылады. Бүгiнде “Самсунг” компаниясының табысы 20 млрд. доллар, ал “Ниссан” компаниясының табысы 33 млрд. егер Кореяда 1962 жылы жан басына шаққанда ЖҰӨ-нiң көлемi 87$ болса, ал 80-шi жылдары бұл көрсеткiш 3000$-ға жеттi /7/.
Оңтүстiк Кореяның шетелдiк энергетикалық ресурстардың қайнар көзiне мұқтаждығы Жапония, Тайвань, Сингапур сияқты жоғары болып табылады. Елде табиғи ресурстардың көзi өте аз. Сондай-ақ елде әскери шығындарда жоғары, өйткенi жаңында Солтүстiк корея Республикасы орын тепкен. Елдегi әскери шығындарға ЖҰӨ-нiң үлесi 5% , ал Жапонияда әскери шығындар ЖҰӨ-нiң 1%-ын құрайды.
Корея елiнiң экономикалық өсiмiнiң басты факторларының бiрi елдегi жұмыс күшiнiң арзан болуы. Оған себеп корей халқының ұлттық менталитетi, яғни халықтың еңбек сүйгiштiгi, тыянақтылығы, жұмыс берушiлерге жауапкершiлiкпен қарауы екендiгi белгiлi. Мысалы, 1985 жылдары Жапонияның жұмысшыларының еңбекақысы жылына орта есеппен 14,1 мың АҚШ долларын құраса, ал Кореяда бұл көрсеткiш 3,6 мың доллар болды. Сондай-ақ елдегi жұмысшы күшiнiң арзан болуы шетел инвесторлары үшiн қолайлы ортаны қалыптастырды /6/.
Сонымен соғыстан кейiнгi жылдары Корея экономикалық өсуiн үш кезеңге бөлуге болады:
Бiрiншi кезең (1961-1965ж.ж.) – ел алдындағы негiзгi мәселелердi анықтау, дамудың тиiмдi жолдарына экононмиканы бағыттау. Бұл кезеңде кономиканың негiзгi бағыты жылдам және тиiмдi түрде ел экономикасын индустриялау, ол үшiн шетел инвестицияларына қолайлы ортаны қалыптастыру;
Екiншi кезең (1966-1980ж.ж.) – экономикалық саясаттағы даму модельдерiн жан-жақты қолдау және өсудiң жаңа көздерiн үзбей iздестiру. Экономикадағы өндiрiстi қатаң түрде экспортқа бағыттау, осы мақсатта импортқа қатаң түрде мемлекеттiк реттеу жүргiзу;
Үшiншi кезең (80-шi жылдардан кейiнгi) – алдағы кезеңдердегi жетiстiктердi максималды деңгейге жеткiзу, әлемдiк экономикалық қатынастарда елдiң тиiмдi стратегияларды қолдануы, әлемдiк бәсекелестiкке төтеп беру үшiн және дамыған елдерден қалмау үшiн ғылыми-техникалық , инновациялық секторды, елдiң сыртқы экономикалық және қаржылық қызметiн, индустриялық дамуға басты көңiл бөлдi /7/.
Бiрiншi кезеңде елде экономиканы экспортқа ынталандыру мақсатында келесi шаралар жүргiзiлдi:
- Шикiзаттар мен материалдар импортына кедендiк тарифтердi алып тастау;
- Импортталатын тауарларға, жартылай фабрикаттарға, комплекстiк өнiмдерге, экспортқа бағытталған өнiмдерге, делдалдық қызметтерге жанама салықтарды алып тастау немесе жеңiлдiктер беру;
- Экспортқа бағытталған өнiмдер шығарушы компанияларға, жартылай фабрикаттармен қамтамасыз етушiлерге тарифтер мен салықтарды азайту немесе алып тастау;
- Фирма табысына тiкелей салықтарды азайту;
- Экспортқа бағытталған өнеркәсiп орындарына мемлекеттiк субсидиялар мен гранттар бөлу.
Оңтүстік Кореяда инновация XX ғасырдың 60-жылдарынан бастап дамыды. Технологиялық саясат ең алдымен ішкі технологиялық базаны құруға, шетел техникасын пайдалануға бағытталды. Сол мерзімде, яғни 1966 ж. мемлекет тарапынан қаржыландыратын тұңғыш зерттеу инстииуты “Корей Ғылым және технология институты” құрылды (KIST). Оның негізгі мақсаты озық шетел технологиясын үйрену және оны өндірісте қолдану болды. 70-жылдардың ортасынан басталған келесі кезеңде капиталды көп қажет ететін жән технологиялық тиімді, машина жасау, кеме жасау, химия, электроника және электроэнергетика секілді салалар мемлекеттік қолдауға ие болды.
Мамандарды даярлау ісі қолға алынып, көзделген бағытқа сәйкес келетін ЖОО KAIST- (Korean advances Institute of Science and Technology) ашылды. Ол үкіметтің адам ресурстарын дамыту және кадрларды дайындау саясатын жүзеге асыруға көмектесті /6/.
80-жылдардың басында инновациялық саясатты дамытудың және жүзеге асырудың 3-кезеңі аяқталды. Ол стратегиялық маңызды салаларға шоғырланған инвестицияларды бағыттауды қаржыландыру, инвестициялау және кедендік бақылау салаларын либерализациялауды көздеді. Зерттеулер мен жобалаулар саласында тұңғыш Ұлттық бағдарлама жасалды. Ғылымды, білікті мамандарды даярлауды мемлекеттік қаржыландыру күшейе түсті. “Даэдок” ғылыми қалашығы құрылды. Бұл ғылыми қалашық мемлекет тарапынан және жеке сектордан қаржыландыратын оқу орындары, зерттеу орталықтары мен венчурлік фирмаларға ғимарат беріп, олардың біріккен зерттеулеріне көмек көрсетті.
Кореяда 1997-2002 ж.ж арналған инновацияның 5- жылдық жоспары мен елдің 2025 жылға дейінгі ғылым мен техниканы дамытудың ұзақ мерзімді жоспарында да мемлекеттің рөлі ерекше болып табылады /7/.
Осындай экономикалық өсудi реформалаудың кезеңдер арқылы жүргiзiлiп және нәтижесiнiң орындалуына қатаң түрде бақылау жүргiзу себебiнен, елдегi индустриялық-инновациялық дамуды негiзгi орынға шығарудан бүгiнде Кореяда 50-ден астам әлемге белгiлi iрi өнеркәсiптiк-қаржылық компаниялар мен ұйымдар бар. Олар елдiң ЖҰӨ-нiң төрттен-үш бөлiгiн құрап отыр. Бұл iрi компониялар iшiндегi “Самсунг”, “Хюндай”, “Голдстар”, “Дэу”, “Санкен” және т.б. iрi компанилар әлемдегi бәсеке қабiлеттiлiк деңгейi жоғары екенi белгiлi.
- Қазақстанның дамушы ел ретiнде экономикалық өсуi
Тарихтан берi келе жатқан қазақ елiмiз көптеген әр қилы замандарды басынан өткiзiп, Кеңес Одағы құрамында 70 жыл социалистiк құрылыста болып келiп, 1991 жылы өз тәуелсiздiгiн алғаннан кейiн мүлдем басқа, адамдар психологиясына жат көрiнетiн нарықтық экономикаға өттiк. Яғни бұл жүйеде тиiмдi қызметтер атқару үшiн ұлттық экономикаға пайдалы, жан жақты бағдарланған экономикалық саясат, реформалар, заңдар және қысқа немесе ұзақ мерзiмдi стратегиалар шығару, сондай-ақ оны iске асыру керек болды.
Әрине, нарықтық экономикаға көшкендiктен мемлекеттiк меншiктен жеке меншiкке өту үшiн жекешелендiру саясатын жүргiзу керек болды. Мұндай нарықтың реформалары жүргiзiлгеннен соң ол халыққа, жалпы экономикаға 90-шы жылдардан кейiн керi әсер етiп, 90-шы жылмен салыстырғанда экономикамыз құлдырап кеттi, жұмыссыздық деңгейi өстi, халықтың өмiр сүру деңгейi төмендедi.
Халықтың өмiр сүру деңгейi мен сапасын жақсарту бұл қоғамдық дамудағы республиканың әлеуметтiк – экономикалық саясаты арқылы iске асырылады. Халықтың өмiр сүру деңгейiнiң негiзгi индикаторы: халықтың табысы, еңбек ақының мөлшерi, зейнет ақы көлемi, мемлекеттiк минималды еңбек ақы деңгейiмен өлшенедi.
Жалпы елiмiзде нарықтық экономиканың даму жағдайында келесiдей мәселелер орын алуда:
- Өнеркәсiптiң жаппай шикiзат бағыттылығы;
- Отандық өнеркәсiптiң бәсекеге қабiлетiнiң өте төмендiгi;
- Негiзгi өндiрiс құралдарының 80% тозуы;
- Әлеуметтiк мәселелердiң әлi де болса кейбiр тұстары (жұмыссыздық, жалақы мәселелерi) шешiлмеуi;
- Ресурстардың тиiмдi бөлiнбеуi және қолданылмауы (елiмiздегi мұнай және газ саласында жұмыс iстейтiндер мен қаржыгерлердiң және басқа да салалардың арасында алшақтықтың көп болуы).
Осы мәселлердi өтпелi кезеңде мемлекет өз мойнына алып және оны рыноктық экономика механизмiмен бiрге оны әр түрлi саясаттар мен реформалар жүргiзу арқылы шешудi қолға алып келедi. Әрине ол саясаттар бiр мезгiлде орындала салмайды, олда уақыт талабына байланысты. Осы елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуiмен және елдiң тұрақты экономикалық өсуiн қамтамасыз ету үшiн келесi реформалар жүргiзiлдi және жүргiзiлу үстiнде. Ол реформаларға:
- Экономиканы жекешелендiру;
- Ұлттық экономикаға инвестиция тартуды ынталандыру;
- Өнеркәсiптiң бәсекеқабiлеттiлiгiн арттыру, осының негiзiнде елде индустриялық-инновациялық стратегия 2003-2015 жылдарға арналған қабылданды;
- Әлеуметтiк саланың жағдайын жақсарту, жұмыссыздық мәселесiн шешу.
- Экономиканың шикiзат бағытынан құтылатын индустриялық-инновациялық саясатты жүргiзу;
- Ауыл шаруашылығын реформалау;
- Білім беру саласын жоғары деңгейге жеткізу;
Осы жоғарыда аталған реформалар бүгiнгi таңда өз жемiсiн берiп, елiмiздiң соңғы жылдары экономкалық өсуi байқалып, әлеуметтiк саланың жағдайы азда болса жақсарып, өнеркәсiптiк өндiрiс жанданып келе жатыр. Тiптi сонғы жылдары ЖIӨ-нiң өсу деңгейi 10% деңгейiне болып отыр. Бұл дегенiмiз елiмiз үшiн жетiстiк деп те айтсақ болады.
ЖIӨ-нiң құлдырауы 90-шы жылмен салыстырғанда 1995 жылы 38,5% болды. Макроэкономикалық тұрақтылық елiмiздiң экономикалық саясатының және ұлттық Банк жүргiзген шараларға байланысты 1996 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен және инфляцияның айтарлықтай төмендеуiмен көрiндi. Елiмiз осыдан бастап экономикалық даму сатысына өттi.
1999 жылы сәуiрде ақшаны еркiн айналымға жiберу отандық товарлардың бәсекелестiгiн қалыптастырды. Сол жылы ЖIӨ-нiң өсуi 1,7%-ке жеттi. Отандық товар өндiрушiлердiң қызметтерiн активизациялау, iшкi және сыртқы рыноктағы сұраныстың өсуi бұл негiзгi 1999-2001 жылдардағы экономикалық өсу болды. Нақты ЖIӨ 2000 жылы 9,8%, ал 2001 жылы оның өсу қарқыны 13,5%, 2002 жылы 10,5% құрады, 2004 жылы 8,4%, 2005 жылы 9,1% және 2006 жылы 9,6% құрады. / 13 /.
Дегенмен, осы бiзде iстелiп жатқан шаралар баршылық, ал шешуiн күтiп тұрған мәселелер одан көп.
Бiрiншiден, бiз рынок экономикасын насихаттап қана емес, оны жан-жақты дамытып жатқан елмiз. Ал бәсеке рынок экономикасының негiзгi құралы. Екiншiден, ауылды жаңғырту, ауылдық мекендердi жақсарту бағдарламасын жүзеге асырып жатырмыз. Бұл ауыл экономикасының бәсекеге қабiлеттiлiгiн күшейтедi деген сөз. Үшiншiден, 2003-2015 жылдарға арналған Инновациялық-индустриялық бағдарлама қабылдадық, оны орындай бастадық. Аталмыш бағдарламаның келешек үшiн маңызы зор, себебi бәсекеге қабiлеттiлiктi анықтайтын, инновацияға жетекшi болатын бiрден бiр сала - өндiрiс. Төртiншiден, тас және темiр жолдарды, жалпы байланыс жүйесiн жаңартып немесе күрделi жөндеуден өткiзiп жатырмыз.
Осындай маңызды шаралар соңғы үш-төрт жылда елiмiзде қолға алынуда. Оның бiрден-бiр дәлелi соңғы жылдары iшкi ұлттық өнiм жылдан жылға көбейiп келедi. Бiрақ экономикамыз әлi де болса шикiзат бағытында болып отыр.
Экономиканың негiзгi секторы болып саналатын өнеркәсiптi қайта және жанама индустрияландыру уақыт талабы болып отыр. Себебi, өнеркәсiп кез-келген мемлекет экономикасының түп қазығын құрайды десек, оны жоғары деңгейге көтеру үшiн инновациялық-инвестициялық ресурстармен қамтамасыз ету бәсекеге қабiлеттi тауар өндiруге мүмкiндiк берерi сөзсiз. Елiмiзде рыноктық қатынастардың дамуымен байланысты рыноктың бәсекеге негiзделген түрлерi де орын алуда. Атап өтсек жетiлген бәсекелi рынок және монополистер мен олигополистер баршылық.
Бiрақ та бiздiң экономикалық өсуiмiз толықтай шикiзат түрiнде болып отыр, ал бұл әлемдiк тәжiрибе бойынша ел экономикасына тиiмсiз. Ол өзiмен бiрге көптеген шығындарды ала келедi, әсiресе жергiлiктi экологиялық мәселелердi туғызады және көп мөлшердi жымысшы күшiн қажет етедi. Әлемдегi дамыған елдердiң барлығы шикiзатты және өндiрiстi экономикадан толық құтылып, сервистiк-технологиялық экономикаға көшiп отыр. Шикiзат және өндiрiстiк экономика дамушы және даму жағынан артта қалған елдерге өтуде. Елбасымыздың жолдауы бойынша Қазақстан әлемдегi алдыңғы қатарлы дамыған елдер қатарына қосылуы керек. Ендi осы мақсатты жүзеге асыру үшiн индустриялы-инноваиялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикға өту үшiн 2003-2015 жылға арналған стратегиялық жоспар жасалды /10/.
2006 жылдың 1-ші наурызындағы Елбасымыздың халыққа кезекті Жолдауында Қазақстан алдағы уақытта әлемдегі экономикасы бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіруі керек деп алдыға үлкен мақсат қойды. Ал бұл бағдарламаларды іске асырып, экономиканы тиімді және бәсекеге қабілетті етіп дамыту үшін ең бірінші қаржы көзінің негізі болып табылатын және кәсіпорындарды ынталандырудағы маңыздылығымен ерекшеленетін инвестициялар болып табылады.
ҚОРЫТЫНДЫ
Экономикалық өсу кеңiнен тараған құбылыс болып табылады. Экономикада болып тұратын дағдарыстарды ескерсек те, ұзақ мерзiмдi экономиканың өсуi трендi ұлғаймалы. Сондықтан экономиканың тұрақты өсуi, адам басына шаққандағы табыстың өсуi болып отыр. Өйткенi осы көрсеткiш халық жағдайының көтерiлуiне әкеледi. Сондай-ақ экономикалық өсу ресурс шектеулiгi ахуалын шешедi.
Осы уақытқа дейiн жүргiзiлiп келген экономикалық бағдарламалар өз жемiсiн бере бастады, жекешелендiру өзiнiң нәтижесiн берiп, нарықтық қатынастар орнап, экономикалық адамдар пайда болды. Сондай-ақ ел экономикасы 1995 жылы ЖIӨ-нiң 0,5%-ке өсуiмен жаңа даму сатысына өттi. Елде жұмыссыздық деңгейi азайып, инфляция деңгейi төмендедi. Қазiр елiмiз ТМД елдерi iшiнде нарықтық қатынастар неғұрлым толық қалыптасқан, ЖIӨ-нiң өсу қарқыны жағынан алдынғы қатарда. Сонғы жылдары елiмiздегi ЖIӨ көлемi 10% деңгейiнде болып отыр. Бұл әрине жоғары көрсеткiш.
Бiрақ бiзде экономикалық өсудiң негiзгi қоры болып отырған бұл елiмiздiң жер қойнауының бай шикiзаттары болып отыр. Шикiзаттық және өндiрiстiк экономиканың тиiмсiз екенi бiзге белгiлi, сондықтан индустриялық-инновациялық дамуда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн стратегиялар жасалуда. Онда негiзiнен шикiзат бағытына қарап қалған экономикадан қол үзiп, экономика салаларын әртараптандырып, ұзақ мерзiмдi жоспарда сервистiк-технологиялық экономикаға өту үшiн өңдеушi өнеркәсiптi дамытып, отандық товарлардың iшкi және сыртқы рынокта бәсекелестiгiн, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру бүгiнгi ұрпақтың мiндетi.
Елiмiздiң экономикалық даму барысында бүгiнде көптеген мәселелер мен кедергiлер де баршылық. Олар:
- демографиямыздың әлсiздiгi және көп ұлттылық;
- бiр жақты шикiзат бағыттылығы;
- әлемдiк экономикаға ықпалдасудың әлсiздiгi;
- кәсiпорындардың жалпы техникалық-технологиялық артта қалуы;
- өңдеушi өнеркәсiптiң мардымсыздығы;
- ғылым мен өндiрiс арасында ықпалды байланыстың болмауы;
- халықтың кейбiр бөлiгiнде әлi де кеңестiк ойлаудың сарқыны қалушылық;
- ел территориясында глобалды және өңiрлiк экологиялық проблемалардың көптеп болуы;
- елiмiзде туристiк индустрияны дамытудың қолайлы жақтары бола тұрып, оның тым мардымсыздығы;
Қорыта келгенде, елiмiзде жүргiзiлген экономикалық шаралар өз өнiмiн берiп, экономикалық өсуге қол жеткiздiк. Ендi өткен шаралардың кемшiлiгiн түзеп, дамыған ел қатарына қосылу үшiн әлем жүрiп өткен жолдарды саралап, ұлттық экономикаға тиiмдi жағын таңдап алу және соған жету үшiн бiр адамдай жұмылып қызмет iстеу барлық Қазақстан Республикасының алдындағы мiндетi десек артық болмас.
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
- Н.А. Назарбаев. // “ Қазақстан – 2030 “ ұзақ мерзiмдi даму стратегиясы.
- Әкiмбекеов С., Баймұхамбетова А.С. Жанайдаров У.А. / Экономикалық теория. Оқу құралы. – Астана: 2002. – 464бет.
- Экономическая теория. / А.И. Добрынина, Л.С. Тарасевича. Саннк-Петербург 2001.
- Шумпетер Й. / Теория экономическая развития – Москва; Прогресс, 1998 – 454 с.
- Мамыров Н.Қ., Тiлеужанова М.Ә. - Макроэкономика: - Оқулық. – Алматы: Экономика, - 2003. – 432 бет.
- Соколова М.С. Управление наукойи техникой в Республике Корея // Инновации №9-10, 2002 г.
- Карибджанов Е.С. Модели экономикаческого развития Юго-Восточный страны – Алматы: 2000 г.
- Купешова Сауле Телеухановна “Теория и практика инновационного процесса в переходной экономике Республике Казахстан.” – диссертация. Алматы, 2002 г.
- Есентугелов А. Долгосрочная стратегия развития экономики и размещение производительных сил в РК // Аль-Пари. №6, 2000 г.
- Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – СПб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
- Стратегия “Қазақстан Республикасының Индустриялы-инновациялы дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзiмдi стратегиясы” – Алматы. 2003 ж.
- Н. Ә. Назарбаев. «Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» Жолдауы, Астана, 2006 жыл, 1 наурыз.
- «Қазақстан – 2030 Стратегиясы Қазақстан дамуының жаңа кезеңінде» // Қазақстан Республикасы президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 28 ақпан, 2007 жыл.
- Статистика Казахстана. Алматы, - 2006 г.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024