Алматы. 10 мамыр. 7kun.kz - Талғат Ахметов Қазақстандағы ең бай 50 адамның қатарына кірді. Бұл туралы «Forbes.kz» порталының Қазақстандағы ең бай азаматтар (2017 жыл қорытындысы бойынша) рейтингінде жарияланды.
Тізімде көш бастап тұрған металл магнаты - Владимир Ким. Оның байлығы 2,5 миллиард доллларға бағаланды. Бұған 2016 жылғы мыс бағасының өсуі әсер еткен.
Қаржы, телекоммуникация, мейманхана бизнестерімен айналысатын Болат Өтемұратовтың байлығы 2,4 миллиард доллларға бағаланып, екінші орынды иеленді.
3-4 орындар ерлі-зайыпты Тимур және Динара Құлыбаевтарға тиесілі.
Бұл тізімге жаңадан кірген Еркін Тәтішев (№9), Қайрат Сатыбалды (№34), Талғат Ахметов (№35) және Асхат Омаров (№50) секілді есімдер бар. Талғат Ахметов – ШҚО әкімі Даниял Ахметовтың ұлы. 31 жастағы Талғат Ахметовке Павлодардағы «Казэнергокабель» АҚ (29,9%), «Павлодарский хлебобулочный комбинат» ЖШС, «KAZ InterGroup PV» ЖШС, «ТАСК Холдинг» ЖШС, «Темиржолшы» ЖШС, «Глория-фарм» ЖШС, «Павлодарская кондитерская фабрика» ЖШС және Астанадағы «Ақ сұңқар НТ» ЖШС мен «Engineering Supply Company» ЖШС секілді бірнеше ірі компаниялар тиесілі.
Дереккөз: saigez.kz
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024