Алматы. 1 шілде. 7kun.kz — Ағымдағы жылдың қаңтар–мамыр айларында денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге инвестициялар 25,2 млрд теңгені құрап, өткен жылмен салыстырғанда 15,1%-ға төмендеді. 2018 жылдың ұқсас кезеңінде инвестиция көлемі 62,5%-ға артып, 29,6 млрд теңгеге жеткен, деп хабарлайды Finprom.kz.
Бұл ретте 2018 жылдың ұқсас кезеңіне дейін инвестициялар сомасы біртіндеп қысқарды. 2016 жылы ең көп төмендеу байқалды - бірден 19,7%.
2019 жылдың бес айының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтерге инвестиция көлемі республикалық бюджеттен 9,5 млрд теңгені құрады - 2018 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 32,7%-ға артық (7,2 млрд теңге). Сондай- ақ, үлес 24,2%-дан 37,8%-ға дейін артты.
Айта кетейік, ағымдағы жылы инвестициялар сомасының төмендеуінің негізгі себебі - бизнестің өз қаражатынан қамтамасыз етілуінің қысқаруы және жергілікті бюджеттерден инвестициялардың азаюы. Осы екі қаржыландыру көздерінің жиынтығында бір жыл ішінде сома 37,4%-ға төмендеді. Бизнестің меншікті қаражаты 8,7 млрд теңгені құрады, бұл ретте сома өткен жылдың мәнімен (11,4 млрд теңге) салыстырғанда 24,2%-ға аз. Сондай-ақ үлес 38,5%-дан 34,4%-ға дейін төмендеді.
Өз кезегінде, жергілікті бюджеттен денсаулық сақтау саласына инвестициялар 51,4%-ға, 2018 жылы 10,7 млрд теңгеден 2019 жылы 5,2 млрд теңгеге дейін қысқарлы. Ал үлес 36,2%-дан 20,8%-ға дейін төмендеді.
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024