
2016 жылдың 11 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 333,44 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 332,70 теңгені құрады. Максималды курс — 334,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 333 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 12 млн 700 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 24.
Ақша айырбастау орындарында 11 мамырдағы доллардың максималды курсы — 335 теңге (Алматы уақытымен 11:30).
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
Тэги:
Похожие материалы
В Казахстане запустят «криптокарты» для оплаты с криптокошельков
- 04 маусым, 2025
В Казахстане увеличат лимит для мониторинга мобильных переводов
- 02 маусым, 2025
Казахстан — единственная страна ЕАЭС с ростом безработицы
- 02 маусым, 2025