Алматы. 22 қараша. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 367,32 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (368,46 теңге / $1) ұлттық валюта 1,14 теңгеге қымбаттады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 366,10 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 368 теңге, жабылу курсы бір долларға 367,80 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 43 млн 900 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 117.
Ұлттық Банктің 22 қарашадағы ресми бағамы 1 доллар үшін 368,28 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.