Алматы. 9 қаңтар. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 374,22 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (372,51 теңге / $1) ұлттық валюта 1,71 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 373,50 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 374,50 теңге, жабылу курсы бір долларға 374,35 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 37 млн 650 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 67.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 376 теңге, Алматыда – 376,5 теңге.
Ұлттық Банктің 9 қаңтардағы ресми бағамы 1 доллар үшін 373,66 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.