Экономика
Авто
Доллар 7 айдағы ең төменгі көрсеткішке жетті
Алматы. 23 желтоқсан. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты таңғы сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 23 желтоқсандағы доллардың орташа бағамы 328,18 теңгені құрады. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.
KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 325,49 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,75 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 328,50 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 190 млн 600 доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 373.
Ақша айырбастау орындарында 23 желтоқсандағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 11:00) Алматыда 331,5 теңгені құраған.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.