Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 382 теңгеден асты

Доллар бағамы 382 теңгеден асты

Алматы. 31 мамыр. 7kun.kz –  Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 382,53 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (381,68 теңге/$1) ұлттық валюта 0,85 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 382,30 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 382,68 теңге, жабылу курсы бір долларға 382,50 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 31 млн 120 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 70.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 384 теңге, Алматыда – 384,2 теңге.

Ұлттық Банктің 31 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 381,37 теңгені құрайды.

Похожие материалы