Алматы. 3 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 382,06 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (380,78 теңге/$1) ұлттық валюта 1,28 теңгеге арзандады.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 381,90 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 382,10 теңге, жабылу курсы бір долларға 382,10 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 30 млн 500 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 72.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те 383 теңге, Алматыда – 383,8 теңге.
Ұлттық Банктің 3 мамырдағы ресми бағамы 1 доллар үшін 380,89 теңгені құрайды.