
Алматы. 1 қазан. 7kun.kz - Бүгінгі Қазақстан қор биржасының (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 388,37 теңгені құрады. 30 қыркүйектегі таңғы сессиямен салыстырғанда (387,90 тенге/$1) ұлттық валюта 0,47 теңгеге құнсызданды.
Елорданың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15-те — 389 теңге, Алматыда – 390,3 теңге болды.
Ұлттық банктің 1 қазандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 387,99 теңгені құрайды.