Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы көтерілді

Доллар бағамы көтерілді

Алматы. 24 желтоқсан. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 372,31 теңгені құрады. 21 желтоқсандағы таңғы сессиямен салыстырғанда (371,43 теңге / $1) ұлттық валюта 0,88 теңгеге арзандады.

KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 371 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 372,90 теңге, жабылу курсы бір долларға 372 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 80 млн 450 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 116.

Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:15 те 374 теңге, Алматыда – 374 теңге.

Ұлттық Банктің 24 желтоқсандағы ресми бағамы 1 доллар үшін 371,35 теңгені құрайды. Айта кетейік, келесі күні теңгенің АҚШ долларына шаққандағы ресми бағамы Қазақстан қор биржасының екі сессиясының қорытындысы бойынша белгіленеді.

Похожие материалы