Алматы. 16 мамыр. 7kun.kz – Бүгінгі Қазақстан қор биржасында (KASE) таңғы сессиясында доллардың орташа өлшемді бағамы 378,99 теңгені құрады. Кешегі таңғы сессиямен салыстырғанда (379,43 теңге/$1) ұлттық валюта 0,44 теңгеге нығайды.
KASE ақпараты бойынша, таңғы сессияда АҚШ долларымен жүргізілетін саудада ең төменгі курс бір АҚШ доллары үшін 378,70 теңге деңгейінде болды, ең жоғары – 379,15 теңге, жабылу курсы бір долларға 379 теңге. Доллар бойынша сауда көлемі 56 млн 560 мың долларды құрады. Валютамен жасалған операциялар бойынша айырбастар саны — 132.
Астананың айырбас пункттерінде америкалық долларды сатудың ең жоғары курсы 11:30-да 380,5 теңге, Алматыда – 381,05 теңге.