Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллар бағамы 328,03 теңгені құрады

Доллар бағамы 328,03  теңгені құрады

2016 жылдың 17 мамырында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) таңғы сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 328,03 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 327,90 теңгені құрады. Максималды курс — 328,15 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 328,02 теңге болды. Таңғы сессияда сауда көлемі 128 млн 800 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 190.

Ақша айырбастау орындарында 17 мамырдағы доллардың максималды курсы — 328,5 теңге (Алматы уақытымен 11:30).

Похожие материалы