2016 жылдың 26 қаңтарында Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 380,60 теңге болды. Бұл туралы биржаның ресми сайтында жазылды.
KASE ақпаратына сәйкес, сейсенбі күні АҚШ долларына қатысты сауданың минималды курсы 379,50 теңгені құрады. Максималды курс — 382 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 379,70 теңге болды.
Күндізгі сессияда сауда көлемі 56 млн 500 мың теңге болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 115.
26 қаңтардағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 380,30 теңге болды.
Айта кетейік, 2016 жылдың 5 қаңтарынан бастап шетел валюталарына қатысты теңге курсын белгілеу туралы ережеге өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Енді долларға қатысты теңгенің орташа ресми бағамы Қазақстан қор биржасындағы таңғы және күндізгі сессия қорытындысы бойынша белгіленеді.
26 қаңтарға арналған ресми доллар бағамы 372,89 теңгені құрайды. Ал 27 қаңтар күнге арналған ресми АҚШ валюта бағамы — 380,30 теңге.
Фото: kapital.kz