Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

Доллардың ресми бағамы 332 теңгеден асты

Доллардың ресми бағамы 332 теңгеден асты

Алматы. 6 маусым. 7kun.kz — Қазақстан қор биржасында шетел валюталарына қатысты күндізгі сауда сессиясы аяқталды. Нәтижесінде 6 маусымдағы доллардың орташа бағамы 332,06 теңге болды. Бұл туралы биржаның (KASE) ресми сайтында хабарланды.

KASE ақпаратына сәйкес, АҚШ долларына қатысты сауданың төменгі курсы 331,49 теңгені құрады. Жоғарғы курс – 332,50 теңге, сауданың аяқталуы кезінде 332,45 теңге болды. Күндізгі сессияда сауда көлемі 45 млн 500 мың доллар болды. Валюта операциясына байланысты келісім саны — 120.

Ақша айырбастау орындарында 6 маусымдағы доллардың жоғары курсы (Алматы уақытымен – 15.40) Алматыда 333 теңгені құраған.

Похожие материалы