Дүниежүзілік туризм күні әлемде «Туризм және Цифрлық трансформация» тақырыбымен өтуде
27 қыркүйек. Алматы. 7kun.kz – Дүниежүзілік туризм күні әлемде «Туризм және Цифрлық трансформация» тақырыбымен аталып өтілуде. Оның мақсаты – туристік индустрияның дамуына цифрлық жетістер мен инновацияның әсерін бағалау.
Бұл күнге орай негізгі ресми шара биыл Венгрия астанасы Будапеште өтеді. Венгрия туристік әлеуеті мол елдің қатарынан саналады. 2017 жылы елге 16 миллион шетелдік турист барған. Бұл 2010 жылмен салыстырғанда 50% жоғары. Бұл ел билігін туристік әлеуетті қайта қарастыруға жетеледі. Нәтижесінде өткен жылы 2030 жылға дейінгі туризмді дамыту Стратегиясын бекітті. Бұл бойынша 2030 жылға қарай салаға 2,7 миллиард еуро инвестицияланып, ІЖӨ-дегі турзм көлемін 10-на 16% ұлғайту көзделген.
Мерекелік шарада UNWTO-ның туристік сала бойынша жаһандық конкурсының финалистері жобаларын таныстырады. Жеңімпаздар идеяларын жүзеге асыруға мүмкіндік алады.
Айта кетейік, Дүниежүзілік туризм күнін атап өту идеясын 1979 жылы БҰҰ Дүниежүзілік туристік ұйымының Бас ассамблеясы ұсынып, бекітті. Мұндағы мақсат – әлем қауымдастығын туризмнің әлеуметтік, мәдени, экономикалық маңызына назар аударту. 27 қыркүйектің бекітілуіне себеп – 1970 жылы Дүниежүзілік туристік ұйым Жарғысы бекітілді.
Туризм әлем экономикасындағы ең табысты салалардың бірі саналады. Дүниежүзілік туристік ұйымының мәліметінше 2017 жылы туристер саны 7% ұлғайып, 1,323 миллиард адамға жеткен. Бұлардың басым бөлігі Еуропаға 671 миллион турис (51%), Азия-Тыным мұхиты аймағына (Австралия, Жапония) — 323 миллион (24%), Америка аймағына — 209 миллион (16%), Африкаға — 63 миллион (5%) және Таяу Шығысқа 58 миллион(4%) адам барған.
UNWTO мәліметінше 2030 жылға қарай әлемде 1,8 миллард адам туристік саяхатқа шығады.
Айта кетейік, Қазақстан соңғы жылдары туристік әлеуетті арттыруға күш салуда. Сала Мемлекет басшысының жіті назарында. 2023 жылға дейінгі туристік саланы дамыту тұжырымдамасы жұмыс істейді. Бұл бойынша Астана маңын қамтитын – «Астана», Алматы қаласы мен Жетісу өңірі – «Алматы», Шығыс Қазақстан өңірін қамтитын – «Алтай», оңтүстік және орталық облыстарды қамтитын Жібек жолы, батыс өңірді қамтитын «Каспий қақпасы», Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Солтүстік Қазақстанның кейбір аумағы кіретін «Табиғат пен көшпенділер бірлігі» туристік кластерін қалыптастыру көзделген.
Туристік саланы дамыту мақсатында «Kazakh Tourism» ұлттық компаниясы құрылып жұмыс істейді. ҚР Статистика комиететінің мәліметінше 2017 жылы елімізге 7 701 200 турист келген.
Kazakh Tourism мәліметінше 2018 жылдың І жартысында келушілер саны өткен жылдың І тоқсанымен салыстырғанда 30% артқан. Сырттан келуші туристер былтырғы ұқсас кезеңмен салыстырғанда - 29,4%, еліміздің ішінде саяхаттанушылар - 6,8% көбейіпті. Бұл еліміз тәуелсіздік алғалы бергі ең жоғарғы көрсеткіш.Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024