Қазақстанның кәсіпкер әйелдері Еуразиялық қайта құру және даму банкінен (ЕҚҚДБ) 41 млн еуро алады. Бұл туралы ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлімдеді деп хабарлайды LS.
"2015 жылдың 25 сәуірінде біз "Бизнестегі әйелдер" бағдарламасы бойынша техникалық серіктестік туралы келісімге қол қойдық. Бұл әйелдер басқаратын шағын және орта бизнестегі әйелдерді қайта несиелендіру үшін екінші деңгейлі банктермен берілетін несие желісі. Сондай-ақ, бизнес-консультацияға техникалық қолдау көрсету үшін үкімет 8,2 млн доллар бөлмек", - деді ол. Қаржының 60-70 пайызы осы жылы игерілуі керек. Аталған қаржыны республика аймақтарындағы кәсіпкерлер алады. Астана мен Алматы облысына 2016 жылдан бастап беріле бастайды. Барлық сома аймақтардағы әйелдер кәсіпкерлігін қаржыландыруға арналған. Бағдарламаға кем деген 400 несие алушы қатысады деп жоспарланды. Қазір бірінші өтініштер түсіп жатыр. Т.Жақсылықовтың түсіндіруінше, негізгі басымдық ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, ауыл шаруашылығы, туризм, кәсіби қызметтер тәрізді секторлардағы кәсіпорындарға беріледі.Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024