Еуразиялық эономикалық одақпен (ЕАЭО) еркін сауда аймағын құруға 40 шақты ел қызығушылық танытып отыр. Бұл туралы Мемлекеттік Думаның төрағасы Сергей Нарышкин мәлімдеді деп хабарлайды ТАСС.
Ол еркін сауда аймағы туралы келісім-шартқа қол қоятын бірінші ел Вьетнам болуы мүмкін деп атап өтті. Сондай-ақ Қытай және Үндістан сияқты елдермен екі жақ үшін де пайдалы болатын экономикалық жобалар басталатындығын да хабарлады.
Осыған дейін сәуірдің басында Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев Вьетнам үкіметінің басшысы Нгуен Тан Зунгпен сауда саласындағы серіктестік мәселелерін талқылаған еді. Сондай-ақ Ресей мен Вьетнам мұнай-газ саласында бірнеше келісім-шартқа қол қойды.
ЕАЭО - халықараық экономикалық ұйым. Одақ құру туралы келісім-шартқа 2014 жылдың мамырында 29 Астанада қол қойылды. Құрамына Қазақстан, Ресей, Белоруссия және Армения кіреді. Мамыр айында Қырғызстан қосылуы қажет.
Похожие материалы
Новости
Экономика
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024