Шарм әл-Шейх - Египеттің оңтүстігіндегі Қызыл теңіздің жағасында, Синай түбегінде орналасқан. Оңтүстік Синайдың губернаторлықтарының бірі.
ТАРИХЫ
Бұл жер сонау Осман мемлекеті кезінде танымалдыққа ие болған, ол уақытта бұл жерді Офира деп атаған. Кейіннен 1970 жылдары, орналасқан жерінің қолайлығы, ауа райының жайлылығы, табиғатының байлығына байланысты тез әрі сапалы дами бастады. Сонымен қатар бұл қалаға саяхаттап келген адамдардың да көңілінен шығып, танымалдыққа ие бола бастады. Бұл қала Египеттің басқа қалаларынан да ерекшеленеді.
Шарм әл-Шейх еуропалық курорттардың бірі. Жағалауда көптеген қонақ үй, жағажайлар бар. Бұның бәрі бүткіл әлемнен саяхаттап келіп жатқан адамдарға арналған. Қалада 200-ге жуық әр түрлі деңгейдегі және бағасы жағынан айырмашылығы бар қонақ үйлер жұмыс істейді. Сонымен қатар барша қонақ үйлерде бассейндер орналасқан және де жағажайға апаратын тегін автокөліктер бар. 2007 жылы қалада күніне 50 тікұшақ қондырып, 50 тікұшақ ұшыратын халықаралық әуежай салынды. Сондай-ақ, қалада халықаралық медицина орталығы бар. Қаланың Хай-эн-Нур атты ауданында православиялық шіркеу мен үлкен мешіт салынған.
Бұл қалада түнде мүлде басқа өмір басталады. Қала түңгі клубтарымен, ойынханаларымен танымал. Халықтың жақсы көретін жері Променад-Нама Бейге серуендейтін жол. Бұл жерде әртүрлі дүкендер мен шағын дәмханалар бар. Алматыда неше түрлі туроператорлар бар бар. Олардан Шарм әл-Шейх қалалсына авиобилет сатып алуға болады. Мысалы саяхаттау агенттігі атты туроператорлықтан арзан әрі сапалы авиобилет сатып алуға болады. Египеттегі шипажайға Астана қаласындағы әуежайдан тікелей ұшуға болады. Қазіргі таңда Шарм әл-Шейх шипажайына Алматы немесе Астана қалаларынан шамамен 200 мың теңгенің көлемінде билет алуға болады, бұл тек қана сол жаққа ұшып баруың ақысы. Егер сіз бірден дәл осы авиокомпаниямен келісіп екі жаққа да билет алатын болсаныз онда бұл жұмыс барысы шамамен 700 мың теңгенің көлемінде болады.
Егер сіз Шарм әл-Шейх қаласына барғыңыз келсе, онда әрүрлі мейрамханалармен қонақ үйлер бар екенін есіңізден шығармаңыз. Бұл қаладағы қонақ үйлердің ең арзаны шамамен 26 доллар яғни 8000 теңге бұл баған сізді қонақ үй автобусы тегін тасымалдайды және бұл бағаға таңғы ас, бассейн тегін көлік тұрағы кіреді. Ал ең қымбат деген қонақ үйлердің бірі ол Фор Сизонс Резорт Шарм-Эль-Шейх бұл қонақ үйдің бағасы шамамен 140 мың теңгені құрайды. Бұл қонақ үй біріншіден 5 жұлдызды, ішінде тегін швециялық таңғы ас, желдеткіш, бассейн және тағы да біраз қызмет түрі бар.
Шарм әл-Шейх қаласының мейрамханаларына келетін болсақ, бұл жердің мейрамханаларында тек Араб елінің асханасы ғана емес сонымен қатар Жапон және Еуропалық асханалардың тамақтары бар. Сіз ол жерден тек қана қымбат ас мәзірлі мейрамханаларда ғана емес басқа да фаст-фуд сататын бағасы қол жетімді жерде тамақтана аласыз. Егерде сіз арзан әрі тойымды тамақтанатын жерді іздесеңіз онда мұндай мейрамханалардың орта бағасы шамамен 4000-6000 теңгені құрайды.
Алматы қаласындағы Египеттің елшілігі Қалдаяқов көшесі 51 №33 кеңсе мекенжайы бойынша орналасқан.
Байланыс нөмері: 87272918997; 87272930391
Дінмұхамед Алдаберген
Похожие материалы
Олжас Бектенов провел заседание Совета директоров Kazakh Invest
- 11 желтоқсан, 2024