Редакция: +7 (777) 242 5522
Присоединяйтесь:

«Эйр Астананың» балаларға арналған қызметтері

«Эйр Астананың» балаларға арналған қызметтері

Әуе саяхаты – ең тиімді әрі қауіпсіз саяхаттаудың бір түрі. Әлемнің әр түкпіріне саяхаттаудың осы түрі соңғы уақытта көптеген мемлекеттерде ерекше қарқынмен дамып, жолға қойылған. Әйтсе де көптеген ата-аналар балаларымен бірге ұшуды қаламай, ыңғайсыздығы мен күрделігін алға тартады. Балаларға ауыр тиетіндігін айтады. Ата-аналардың кейбір ережелерді сақтайтын болса, әлемнің кез келген қаласына баласымен бірге оңай әрі жайлы саяхаттауға мүмкіндіктері бар.

Мәселен, қазақстандықтар демалу мақсатында жиі баратын үш елдің бірі Біріккен Араб Әмірліктерін алайық. Дубайда демалуды таңдаудың 5 себебі бар: Біріншіден, қонақ үйдің жоғары деңгейлі қызметі. Оған қоса Mall of the Emirates, Dubai Mall, Dubai Marina Mall сауда орталықтарындағы шоппинг сізді және отбасыңызды бейжай қалдырмайды. Екіншіден, БАӘ-дегі ең танымал отбасылық аквапарктер бар. Үшіншіден, отбасымен бірге Dubai Parks and Resorts сияқты үлкен ойын-сауық орталықтарында, танымал интерактивті Legoland саябағында уақыт өткізуге болады. Төртіншісі, еліміздің қалаларынан Дубайға баруға барлық жағдай жасалған - «Эйр Астана» Алматыдан Дубайға күн сайын, ал Астанадан дүйсенбі, сейсенбі, жұма және жексенбі күндері қатынайды. Бесіншісі, егер сіздің 2-11 жас аралығындағы балаларыңыз дәл осы Дубай қаласына саяхаттайтын болса, 99%-дық жеңілдікпен билет сатып ала аласыз. Әрі жақын арада Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз баратын болады.

[caption id="attachment_70536" align="aligncenter" width="640"]«Эйр Астананың» балаларға арналған қызметтері Фото: www.facebook.com/airastana/[/caption] «Air Astana» балалар мен сәбилерге ұсынатын жеңілдіктер:
  1. Қазақстандағы ішкі рейстерде ата-анасымен бірге саяхаттайтын балалардың (2 жастан 14 жасқа дейін қоса алғанда) билетіне 50% жеңілдік бар.
  2. Халықаралық рейстерге де (2 жастан 11 жасқа дейінгі аралықта) 50% жеңілдік қолданылады. Оларға ұшақ салонынан ересектердікіндей жеке орын беріледі. Ал  2 жасқа дейінгі балалар (жеке орын берілмейтін жағдайда) тегін ұшады.
  3. Әуе саяхаты кезінде 3 жасқа дейінгі балаларға арналған жинақ, кітапшалар мен альбомдары бар Kids box беріледі. Бортта көңіл-күйді көтеретін бағдарлама ұйымдастырылады. Шілде айынан бастап балаларға арнайы құлаққап беріледі. Оны өзімен бірге алып кетуіне де болады.
  4. Балаларыңыздың тағамына алаңдасаңыз, алдын-ала 24 сағат бұрын Air Astana сайтынан дәмді әрі пайдалы асқа тапсырыс бере аласыз.
  5. Кейбір рейстерде 1 жасқа дейінгі сәбилер төсегіне тапсырыс беруге болады.
  6. 3-6 жас аралығындағы балаларға «Кішкентай ханзада» сөмкесі беріледі. Бұл сөмке Антуан де Сент-Экзюперидің кітабымен, суреттер жинағы және қызықты ойындармен таныстырады. Әуе компаниясы National Geographic арнасымен бірлесе отырып, 7-11 жас аралығындағы балалар үшін стильді арқа қоржынын да жасап шығарды. Ғаламшар туралы көптеген қызықты деректерді қамтыған кітапша, ойыншық компас және танымдық ойындар ұсынылады.
[caption id="attachment_70537" align="aligncenter" width="640"]«Эйр Астананың» балаларға арналған қызметтері Фото: www.facebook.com/airastana/[/caption]

6. Жетелеушісі жоқ балаларға арналған қызметтер көрсетіледі. Түрлі жағдайларға байланысты ата-аналар әуе саяхатына балалармен бірге шыға алмай қалуы мүмкін. Осындай жағдайда әуекомпания қызметкерлеріне балаңызды сеніп табыстай аласыз. «Эйр Астана» әуекомпаниясы кәмелетке толмаған 6-15 жас аралығындағы балаларға қызмет көрсетуге дайын. Жетелеушісіз балаңызды тасымалдау үшін қосымша төлем алынбайды. Тек билет құнын төлейсіз. Әрине, жолда аялдаманы қажет ететін, тікелей емес рейстерде жетелеушілері жоқ балалар тасымалданбайды. Сіз немесе балаға жауапты адам баланы тіркеу орнына дейін жеткізіп, ал ұшып келу аймағында оны күтіп алуы қажет. Билетті брондау кезінде де баланың ата-анасы немесе қамқоршысы «Кәмелетке толмаған баланы жетелеушісіз тасымалдау туралы» өтініш бланкісін толтырып, қол қояды. Ескеретін жайт, жетелеушісі жоқ бала рейске тіркелу үшін ұшуға дейін 1.5 сағат бұрын әуежайға келуі тиіс. Себебі, тасымалдау туралы құжаттарды тексеру және толтыру ұзақ уақытты талап етеді. Рейстің ұшу уақыты таңғы 6-дан түнгі 11-ге дейін.

Air Astana кеңесі:

Әуе саяхатына шықпас бұрын балаңызға әуежай, әуе ұшағы туралы жағымды түсінік қалыптастырып, қызығушылығын ояту керектігін, жол барысында жалығып кетпес үшін планшетке ойын немесе мультфильм көшіріп алыңыз.

Баланы терезеге жақын отырғызып, сырттағы әсем көріністі бірге тамашалап, саяхат кезінде әрдайым қасында болғаны дұрыс.

Егер қандай да бір қиыншылықтар туындаса, қызметкерлерден қысылмай көмек сұраңыз. Өйткені олардың негізгі міндеті­ – сіздерге жақсы саяхатты ұйымдастырып, жол сапарын жеңілдетуге жағдай жасау.

Дереккөз: «Эйр Астана арнайы балаларға» атты презентация

Похожие материалы